Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары марапатталды

Dalanews 18 нау. 2021 06:52 276

ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орын және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің ұйымдастыруымен онлайн режимінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» марапаттау рәсімі болып өтті.

Аталған шараға еліміздің 46 жоғары оқу орының үздік оқытушылары қатысты. Іс-шараны ашқан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлік тарапынан қолға алынып отырған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» марапаттау шарасы еліміздің педагогтарын ынталандыру, болашақ ұрпақ үшін аянбай еткен еңбектеріне қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатынын атап өтті.

– Жоғары оқу орындары педагогтарының жұмысын оңтайландыру, олардың мәртебесін көтеру біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта біз қазіргі таңда педагогтар жүктемесін азайту, олардың еңбекақыларын көтеру мақсатында жоғары оқу орындары басшыларымен бірлесе жұмыстар жасап жатырмыз, деді министр А.Аймағамбетов.

[caption id="attachment_61061" align="aligncenter" width="540"] ????????????????????????????????????[/caption]

Сонымен қатар министр қазіргі пандемиялық ахуалға байланысты марапат иелерін құттықтау әр университет басшылары өткізетінін хабарлай келе, сөз соңында барлық ұстаздар қауымын келе жатқан әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс пен отбасыларына амандық тіледі.

«Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан тусын» деп дана халқымыз айтқандай, еліміздің педагогтарына мемлекет тарапынан осындай қолдаулар жиі болып отырса, онда ұстаз да абыройлы, білім де сапалы болары сөзсіз.

Осыдан кейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ректоры Такир Балықбаев «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» республикалық конкурсының иегерлері педагогика ғылымдарының докторы, профессор У.Абдигапбарова мен педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Л.Какимоваға «Үздік оқытушы» куәлігін табыстады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x