Жаңаөзендік Жібек таспагер болып табыс тауып жүр

Dalanews 11 нау. 2021 12:09 298

Медиа саласын мектеп оқушылары да меңгеріп келеді. Соңғы кезде сұраныста жүрген видео түсіру және монтаждау секілді ақпараттық бизнес саласына аса қажетті мамандықтарды оқушылар да игеріп алған. Солардың бірі – жаңаөзендік Жібек Сәрсенбаева, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

Бүгінде 10 сынып оқушысының дайындаған креативті бейнероликтері әлеуметтік желілерде мыңдаған қаралым жинаған.

– Видео жасауға қызығушылығым 8-9 жасымда оянды. Кішкентай кезімде қызықты мультфильмдер мен әртүрлі «YouTube» блогерлерін көріп қызықтым. 2013 жылы видеоөңдеу бойынша арнайы курс болмағандықтан қиынға соқты. Өз ынтамның арқасында ізденіп, сабақтарға қатысып, өздігімнен үйрендім, – деді Жібек Сәрсенбаева.

Сүйікті хоббиін табыс көзіне айналғандырған оқушыға ата-анасы қолдау білдіріп, ноутбук, дрон, микрофон, штатив, аспалы жарықшам секілді құрал-жабдықтарды сыйлаған. Болашақта кино саласында, режиссер болғысы келетін Жібек Сәрсенбаева Қазастандағы кино индустрия саласында жұмыс істеуді армандайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x