Ақтаудың 19 шағын ауданында жаңа мектеп салынады

Dalanews 03 нау. 2021 10:22 410

Биыл Ақтауда 19 шағын ауданда 1200 орындық мектептің құрылысы басталады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде жаңа мектептің жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. 4 қабатты ғимараттың құрылыс алаңы 3979,84 шаршы метрді құрайды. Учаске ауданы 3 гектар. Құрылыс жұмыстары осы жылы басталады.

Жобалық құжаттамаға сәйкес мектеп алаңы 3 бөлікке – спорттық (футбол, волейбол, баскетбол алаңдары), демалуға арналған, шаруашылық болып бөлінеді.

– Жалпы мектеп, кабинеттер заманауи техникамен жабдықталады. Химия, физика және биология кабинеттеріне ерекше көңіл бөлеміз. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін де жағдай жасаулы көздеп отырмыз. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. 24 адамға арналған оқу залы бар кітапхана да болады. Құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарланған, – деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Еркін Жауқан.

Айта кетейік, қазір 18, 31А шағынаудандарында мектеп құрылысы жүріп жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x