Онлайн формат «ЖасSTAR» фестивалінің ауқымын кеңейтті

Dalanews 27 қар. 2020 12:15 198

Биыл пандемияға қарамастан жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі  7-26 қараша аралығында өтіп, еліміздегі шығармашыл жастар өзара сынға түсті.  Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырған байқауда елімізге аты мәлім 35 мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен 14 шығармашылық вебинар өткенін айта кетуіміз керек.

Осы ретте вебинарлар барысында еліміздегі талантты жастар театр өнері, кино, поэзия, әдебиет, фотография, заманауи өнер және креативті индустрия саласындағы artist talks өткізді. Жастар көкейге тұнған ойларын ашық айтып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Онлайн форматта өткен биылғы фестиваль кезінде орталықтан шалғай  жатқан алыс аудан-ауылдағы жастар да байқауға қатысып, бағын сынауға мүмкіндік алуы басты ерекшелік ретінде айта кетуіміз керек. Ауыл балалары өздерінің смартфондарын қолға алып, байқауды барынша қыздырды десек болады. Биылғы шара онлайн форматта өткеніне қарамастан қатысуышлардың саны көп болды. Біздің бұл сөзімізге «ЖасSTAR» тікелей эфирлері 70 мыңнан астам қарағаны айқын мысал бола алады. Осы ретте  Сонымен қатар, эфирлік жазбалар YouTube-те тегін қол жетімді және ұзақ жылдарға шығармашылық мамандық студенттері үшін пайдалы практикалық оқу материалы ретінде қызмет ететінін де айта кетуіміз керек.

Үш апта бойы Қазақстан, Ресей, Грузия және Өзбекстаннан келген 35 сарапшы, белгілі мәдениет қайраткерлері өздерінің бірегей шеберлік сыныптарын өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді.

Қазіргі заманғы мәдениет пен өнер әлемінің танымал кәсіпқойлары – Мариин театрының жетекші солисі Михаил Векуа, Еуропа киноакадемиясы мүшесі, кинорежиссер Әділхан Ержанов, продюсер Серік Әбішев, фотодокументалист Сергей Максимишин, актер Елжас Рахым, Қазақстан қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова, қазіргі заман өнерінің кураторы Ирена Попиашвили және тағы басқалар фестиваль қатысушыларымен өздерінің баға жетпес тәжірибелерімен, білімдерімен және табыс құпияларымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, «ЖасSTAR» фестивальінің байқау бағдарламасы жалғасуда және жас қазақстандықтар 1 желтоқсанға дейін қатысуға өтінім бере алады. Жеңімпаздарды ақшалай сыйлықтар күтуде: 1 орын – 300 000 теңге; 2 орын – 200 000 теңге; 3 орын – 100 000 теңге. Байқау шарттары туралы толығырақ jasstar.kz сайтынан білуге болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x