Мектеп директоры: «5-11сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқиды»

Dalanews 19 там. 2020 09:43 262

Елордадағы №54 мектеп-лицейінің директоры Шәкәрім Сейсенбай қыркүйекте оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын айтып берді, – деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бүгін жалпыреспубликалық педагогтар кеңесін өткіздік. Педагогтар кеңесі бүкіл республика аумағында ұйымдастырылды. Біз де өзіміздің мектепішілік педагогикалық кеңеске жиналып, оқу жылына дайындық, оқу процесін ұйымдастыру мәселелерін талқыладық, деді ол тілшіге телефон арқылы.

Оның дерегінше, елордадағы №54 мектеп-лицейде 2 800-ден астам бала білім алады. «Оның ішінде 1-4 сынып оқушылары арасында кезекші сыныпқа келіп, мектепте білім алуға ниет танытып отырғандар да бар. 1-4 сынып оқушыларының 284 ата-анасы онлайн өтінім берді. Осыған орай мектепте 25 кезекші топ құрылып, онда балалар оқитын болады», деді Шәкәрім Сейсенбай.

Сонымен қатар ол кезекші сыныптарда оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын да түсіндіріп өтті.

Кезекші сыныптарда үш пән бойынша сабақ жүргізіледі. Яғни, балалар мектепке келеді және сол жерде негізгі пәндерді оқиды. Одан кейін орыс тілі мен ағылшын тілі сынды пәндер онлайн форматында өтетін болса, дене тәрбиесі, музыка және технология сабақтары қашықтан ұйымдастырылады. Мұғалімдер тапсырма беріп, олардың орындалуын қадағалап отырады. 5-тен бастап 11-сыныпқа дейінгі оқушылар тек қана қашықтан білім алады, деді мектеп директоры.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x