Абай университеті Webometrics рейтингінде жаңа биікті бағындырды

Dalanews 31 шіл. 2020 12:58 300

Әлемдік рейтингке Қазақстан Республикасының 128 жоғары оқу орны кірді. Бұл рейтингте Abai University сайты 4995 орынды иеленді.

2020 жылғы қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда университет 1027 позицияға көтерілді.

Webometrics-тің жаңа мәліметтеріне сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ 8-ші орынды иеленіп, Қазақстандығы үздік Топ-8 жоғары оқу орындарының қатарына енді. Еліміздің педагогикалық университеттер арасында 1-ші орынға ие болды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жыл сайын осы рейтингте алға жылжуы оның әлемдік жоғары білім жүйесінде орнықты екендігін тағы бір мәрте растайды.

Оқу орын әлемдегі ғылым және білім беру нарығының көшбасшыларымен және республиканың педагогикалық университеттерінің арасында көшбасшы болып табылады.

Webometrics Ranking of World Universities рейтингі




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x