А.Комиссаровтың Жазғы онлайн-мектебінің бірінші күні өтті

Dalanews 24 мау. 2020 05:08 251

23 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы ұйымдастырған «Білім берудің сандық түрленуі» Жазғы онлайн-мектебі өз жұмысын бастады.

Шараның негізгі спикері Ресей Федерациясының жетекші білім беру әдіскерлерінің бірі, білім беру және диагностикалық әдістемелерді жасаушы, білім беру ойындарының тәжірибешісі, 120-дан астам білім беру ойындарының авторы, «Деректер инжинирингі» орыс бағытының идеологы, 2035 университетінің Деректерді дамыту бөлімінің директоры Андрей Комиссаров.

Мектепке «қатысушы» және «студент» категориялары бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ мен Yessenov University, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, ТарМПУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Семей қ. Шәкәрім атындағы МУ, У.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, Торайғыров атындағы ПМУ, ҚазМҚПУ 200-ден астам оқытушысы қатысуда. Іс-шараға қатысушылар университет 2035 алаңында тереңдетілген практикалық жаттығулар дайындығынан өтеді.

Бірінші күні білім берудің инжинирингі және білім берудегі инновациялық тәсілдер, диагностикалық құралдар туралы дәрістер мен семинарлар өткізілді, онда оқытудың тиімділігі, құзіреттілікті дамытудың негізгі элементтері мен оқытуды цифрландыру, адамның дамуы моделі және диагностиканың әртүрлі құралдары сияқты мәселелер қаралды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x