Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары әлем университеттерінің оқу грантына ие болды

Dalanews 03 мам. 2020 15:53 201

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары топ жарып еліміздің беделді Назарбаев университетімен қатар, әлемнің бірқатар жоғары оқу орындарының білім гранты иегерлері атануда.

Зияткер Айтуар Бектанов қалаған мамандығы бойынша әлемнің бес университетіне қабылданды.

«Халықаралық SAT  емтиханынын үздік тапсырғанымның арқасында  Hong Kong Baptist University   "Математика және статистика" мамандығы бойынша толық грант ұсынды», – деді жас түлек.

Айтуар-еріктілер қозғалысының белсенді мүшесі, Малайзиядағы International MUN – БҰҰ моделі конференциясының делегаты.

– Мен былтырдан бері әлемнің 200 алдыңғы қатар университеттерін теріп алдым. Олардың ішінен мен таңдаған мамандығым бойынша грант алуға мүмкіндік беретін оқу орындарды зерттедім. Соңында Еуропа, Азия, Аустралияның тоғыз университетіне тоқтадым. Егер толық ақпарат жинап, қосымша академиялық үлгеріміңізді шыңдап, керекті халықаралық емтихандарды сәтті тапсырып, құжаттарыңызды дұрыс жинасаңыздар, өз мақсатыңызға жетесіз. Іздей келе, әр оқу орны өз талаптарын қоятынын байқауға болады. Кейде сол қосымша критериймен сіздің мүмкіндігіңіз жоғарлап кетуі мүмкін. Мысалы, мені қабылдаған University of Melbourne (Аустралия) менің қоғамдық жұмыстарымның халықаралық тұстарын ерекше бағалады. Ал Голландияның University of Maastricht түсерде,  интервьюдың ықпалы зор болды. Біріншіден, қолбалжымау керек және академиялық шындықты сақтау керек , – деп кеңес береді жас түлек.

Айтуармен бірге Гонконг еліне Зияткерлік мектептің дарынды оқушылары Жанель Аршабекова, Ерке Қайрат, Екатерина Хлопунова, Марина Гусева, Алибек Қуантхан аттанады. АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Голландия сынды елдердің  университеттерінен шақыртуға ие болып отырған Жанель Аршабекова техника және компьютер ғылымдары саласында білікті мамандарды даярлайтын Honk Kong Poli U  университетінде оқуын жалғастырмақ. Академиялық үлгеріммен қоса әлеуметтік мобильді қосымша шығарумен сәтті айналысқан  12 сынып оқушысы Ерке Қайратқа Гонконгтың  үш университетінен  бірдей шақыру келді.  Ерке тобымен шығарған  ''BALA” қосымшасы жетім не қараусыз қалған балаларға жанұя тауып беруге бағытталған.

Айтатын болсақ, Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оншақты түлегі қазіргі уақытта Гонконгда жоғары білім алып жатыр.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x