ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУДАҒЫ ЖЕҢІС

Dalanews 16 сәу. 2020 10:15 219

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  9 сынып оқушысы Әсем Бақытқызы Бүкілресейлік В.Вернадский атындағы ғылыми зерттеулер байқауының лауреаты атанды. Әсемнің жұмысы қазылар алқасымен «Жаратылыстану» категориясында қаралып , «Эксперименталдық зерттеулер» номинациясында I орынды иеленді.


- Бұл менің алғаш рет байқауға қатысуым. Мен үшін пайдалы тәжірибе болды. Химия-биология саласында білімімді тереңдетіп, келешекте де ғылыми жарыстарға қатысатын ойым бар,- деді зияткер оқушы.
Мектепте төрт жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Ғылымның есігін бірге ашайық» деген жоба арқылы оқушыларда Алматының ЖОО мен ҒЗИ ғалымдарымен бірігіп ғылыми- зерттеу жобаларымен айналысатын мүмкіндіктері бар. Әсем Бақытқызының ғылыми жетекшісі  - Ж. Жиембаев атындағы Қазақстан өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының PhD докторы  Әйгерім Қойгельдина.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x