Елордада заманауи инклюзивтік кабинеттері бар жаңа мектеп ашылды

Dalanews 27 қар. 2019 10:16 339

Бүгін ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов №88 жаңа мектеп-лицейіне барып, жаңа білім ордасының жұмысымен танысты.

1200 орынға есептелген жаңа мектеп қаладағы №75, №84 және №85 мектептердің шамадан тыс жүктелуі мәселесін шешуге мүмкіндік бергенін айта кетуіміз керек.

Жаңа мектептің жұмысымен танысу барысында «Әр бала мектепке лайықты» жобасының іске асырылуы таныстырылды. Мектеп-лицейде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында инклюзивтік  кабинет ашылды.

«Оқушылар жалпы топтарда құрдастарымен тең дәрежеде білім алады. Күн сайын балаға қажетті жеке көмек көрсетіледі», деді «Болашақ» корпоративтік қоры кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова.

№ 88 мектеп-лицейінің инклюзивтік кабинеті «Шеврон» компаниясының демеушілік қаражат есебінен қаржыландырылды. Бұл қордың «әр бала мектепке лайықты» жобасы аясындағы алтыншы кабинеті.

– «Шеврон» компаниясының Қазақстан Республикасымен серіктестігі 26 жылды құрайды, яғни компанияның елде жұмыс жасап бастағанының алғашқы күндерінен бері біз еліміздің медициналық мекемелерін қолдап келеміз, халықаралық стандарттарды енгізіп, жергілікті мамандарды үздік халықаралық тәжірибелермен таныстырамыз. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесіміз, – деді компания өкілі Жанар Қошпанова.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік жобаларды іске асыруда, атап айтқанда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен шетелдік кәсіпорындардың тығыз өзара байланысының маңыздылығын атап өтті.


Елорда әкімі Алтай Көлгінов оқушылармен кездесу барысында жаңадан ашылған мектептің алғашқы оқушыларына

– Сіздер оқитын мектеп жетекші мектердің бірі болып табылады. Білім алу үшін еңбек етіңіздер, ал біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасаймыз, «Шеврон» компаниясына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін, – деп атап өтті.

Сондай-ақ, қала әкімі инклюзивтік кабинеттердің қаланың басқа мектептерінде де ашылатынын атап өтті. Ата-аналар да алғысын білдіріп, аталмыш инклюзивтік кабинеттердің маңыздылығын атап өтті. Соынмен қатар №88 мектеп-лицейінде гидропоника кабинеті ашылды. Технология көмегімен мектеп оқушылары өздері өсімдік өсіре алады.

Оқушылар физика мен химия пәндері бойынша тәжірибе жасай алатын зертхана кабинеті де жастардың пайдалануына берілді.

Мұғалімдермен әңгіме барысында вице-премьер Елбасы мен Президенттің тапсырмасы бойынша педагогтардың мәртебесін арттыру бойынша нақты шаралар қабылданғанын атап өтті.


– Мемлекет білім беру саласын дамытуға және балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Бүкіл ел бойынша жаңа заманауи мектептер салынып жатыр, мұғалімдердің жалақысы артып, жұмыс жағдайы жақсаруда. Ұрпақтың  білімді, сауатты және тәрбиелі болып өсуі үшін барынша күш салуыңыз керек, – деді Бердібек Сапарбаев.

 

https://www.youtube.com/watch?v=ofsAjHrdHf0&feature=emb_logo

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x