Назарбаев Университетінің зерттеушілері маңызды сыйлыққа ие болды

Dalanews 17 қар. 2017 04:48 274

Таяуда Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурстарының деректері бойынша жарияланымдық белсенділігі және дәйексөздің жоғары көрсеткіштері үшін Назарбаев университетінің Медицина мектебінің профессоры Денис Буланин және National Laboratory Astana (NLA), Трансляциялық медицина және өмір туралы ғылымдар технологиялар зертханасының меңгерушісі Тимур Салиев,  Флуоресценттік әдістер зертханасының зерттеуші Айнур Какпенова және Биосенсорлар биоқұралдар зертханасының зерттеушісі Эльдар Байкен «Leader of Science-2017» («Ғылым көшбасшысы-2017») тәуелсіз марапатының иегерлері атанды.

Бұл «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы мен «Clarivate Analitycs» компаниясы бірлесіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде белгілі болды.

Жыл сайын берілетін дәстүрлі сыйлыққа Web of Science Core Collection ресурсында 2014-2016 жылдары ғылыми мақалалар жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған отандық ғалымдар қол жеткізді. Шара барысында «ҰМҒТСО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев:

– Бүгінде ғаламдық заманауи даму үрдісі жаһандану мен ынтымақтастыққа негізделгенін бәріміз білеміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан алты жыл бұрын отандық ғылымды дамыту үшін дүниежүзіндегі беделдің ғылыми мәліметтер қорына қолжетімділікті арттырудың маңызын айтқан еді. Қазір бұл бағытта атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беріп, Қазақстан ғылымы әлемдік ғылыми қоғамдастықпен терең ынтамақтастық орнатуына ықпал етті. Ғаламдық маңызы жоғары сондай мәліметтер қорының бірі – Clarivate Analytics компаниясы. Аталмыш ғылыми мәлеметтер қорының сараптамалық, ғылыми қызметтің негізгі индикаторларын және ғылым саласындағы әлемдік үрдістерді анықтауда маңызды роль атқарады. Бүгінде «ҰМҒТСО» Clarivate Analytics компаниясы дәстүрлі «Ғылым лидері – 2017» ұйымдастыруы ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жемісі деп есептеймін. Ғылыми мақалалары жоғары сілтемеге ие болып, еліміздің отандық ғылымның өрге басуына еңбек сіңірген ғалымдарды шын жүректен құттықтаймын! – деді.

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Ғылым лидері – 2017» сыйлығы екі аталым бойынша берілетінін естеріңізге саламыз. Олар – «Қазақстандағы үздік ғылыми басылым» және «Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» болып жіктелді. Бірінші аталым бойынша Emerging Sources Citation Index (Clarivate Analytics) индексіне ие болған қазақстандық ғылыми журналдар марапатталады. Ал «Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» аталымы бойынша физика, техника, медицина, биология және аграрлы ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар марапатталатын болады.

Естеріңізге сала кетеміз, 2015-2016 жылдары NLA-орталығының белгілі ғалымдары Жұмабай Бәкенов, Алмагүл Ментбаева және басқалары өздерінің ғылыми еңбектері үшін «Thomson Reuters» компаниясының деректері бойынша  «Leader of Science» марапатының иегерлері атанғаның естеріңізге сала кетейік.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x