15 қазан – Кітапханашылар күні

Dalanews 23 қаз. 2017 11:54 208



Орталық кітапхана жүйесінің Чехов атындағы кітапханасында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бастығы міндетін атқарушы Алиев Данияр Абзалиденұлы, Алматы қ. Медеу аудандық Мәдениет бөлімінің бастығы Сәкен Жаббарұлы Аралбаев т.б. мекемелер мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен мерекеге орай салтанатты жиын болып өтті.

Бұл мереке биыл тоғызыншы рет аталып өтті.

Кітапханашылар қауымының үнемі түрлі іс-шаралар өткізіп, мемлекеттік бағдарламаларды және аса маңызды әлеуметтік-саяси, мәдени жобаларды насихаттаумен жүйелі түрде айналысып келе жатқанын, Елбасы жариялаған Рухани жаңғыру және Туған жер бағдарламалары аясында оқырмандармен табысты түрде жұмыс істеп жүргенін Мәдениет басқармасы атынан Данияр Абзалиденұлы атап өтті. «Кітапханалар жүйесі біздің басқармамызбен тұрақты қатынас жасап, үнемі қаламызда өткізіліп жүрген қандай да болсын саяси-мәдени іс-шаралардың басы-қасында жүреді, олардың мәдениет ошағы деп аталуы бекер емес», – дей келе, Мәдениет басқармасының басшысы кітапханашылар ұжымын мақтау грамоталарымен марапаттады.



Медеу ауданы әкімдігінің Мәдениет бөлімі басшысы Сәкен Жаббарұлы кітапханашыларды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, кітапхана жүйесінің бастығы Қабиева Роза Қасымбекқызы мен Медеу ауданындағы № 32 кітапхана меңгерушісі Баймаханбетова Айша Баймаханбетқызы қаламыздың әлеуметтік-саяси және мәдени өміріне ерекше еңбек сіңіріп жүргенін атап көрсетті. «Мәселен, биылғы жылы қаламызда қазақтың ұлы ақыны Абай атындағы даңғыл, Төле би көшесі, Достық даңғылы көшелеріне арналған мерекелер, сонымен қатар Конституция күні, «Алматы – оқырман қала», «Кітапфест» мерекелері жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді». Бұл орайда аудан басшысы Ержан Жұматұлы Жылқыбаев кітапханашылардың орасан зор еңбегіне жоғары баға бергенін атап өтіп, мәдени іс-шараларда белсенділік танытып, ерекше көзге көрінген кітапхана қызметкерлерін аудан әкімдігінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Кітапханашылар өз еңбектерінің еленіп, осындай зор құрметке ие болып отырғанын, өз мамандықтарын мақтаныш тұтып, жас кітапханашылардың марапат алғаны оларға жігер, рух беретініне сеніміміз мол.

Қуаныш БАҚЫТ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x