ҚазҰПУ – еліміздегі педагогикалық білім беретін көшбасшы оқу орны

Dalanews 10 қаз. 2017 03:33 351

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бірнеше жылдан бері еліміздегі маңдайалды оқу орындарының басшылары қоғам алдында есеп беріп, көпшіліктің сұрағына жауап қайтарып келе жатқаны белгілі. Жақында еліміздегі Жоғары оқу орындарының қара шаңырағы, еңселі білім ордаларының бірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор  Такир Балықбаев «Ғылым ордасының» үлкен мәжіліс залында жұртшылық алдына шығып, университеттің 2016-2017 оқу жылдары аралығында атқарған қызметінің қорытындысы және алдағы даму перспективасы туралы есепберді. Осы ретте есепті кездесуге университет оқытушылары мен студеннттері, ата-аналар мен көпшілік қауым, сондай-ақ  ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.



Жиналған жұртшылықпен сәлемдескеннен кейін Такир Оспанұлы бірден нақты іске, яғни университет көлемінде атқарылған жұмыстарға көшті. Университет басшысының баяндамасына құлақ түргенімізде, еліміздегі педагог мамандар даярлауда көшбасшы оқу орны көп жұмыстар атқарғанына көз жеткіздік. Университет білім саласындағыСапаны қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан тәуелсіз агенттігінің Бас рейтингінде «Білім» бағыты бойынша (НКАОКО) педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынды иеленіп, педагогикалық мамандықтарға арналған 28 білім беру бағдарламасы үздік үштікке енгенін білдік. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлуді  басшылыққа алған университет педагогикалық мамандықтарда білім беру бағдарламаларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық және ұлттық аккредитация агенттіктерінің сынынан сүрінбей өтіпті.Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен оның білімімен анықталатынын,ал ол кезегінде педагог мамандарды дайындауда сапалы жаңа үрдістің қажеттігін байқататыдығын тілге тиек еткен Такир Балықбаев:

– Бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістік ретінде біздің университет 2017 жылы алғаш рет әлем университеттерінің ТОП-500қатарына және QS World University Ranking рейтингінде әлемнің үздік 491 университетінің қатарына енгенін атап кетуге болады.EECA (Emerging Europe & Central Asia) арнаулы ранжирлеуінде Еуропа мен ТМД-ның 30 елінің 200 алдыңғы қатарлы университеттері арасында ҚазҰПУ 91-орында.Әлемнің 27566 университеттерінің Webometrics рейтингінде –  8 958-шы орында, Қазақстан ЖОО арасында 16 шы орынды иеленді.Университет Web of Science ақпараттар базасында импакт-факторы бар мақалалар саны бойынша республикадағы педагогикалық жоғары оқу орындары арасында бірінші орын алды. Ұлттық рейтингілер бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық жоғары оқу орындары арасында алдыңғы орында. Университеттің 130 оқу бағдарламасы, соның ішінде педагогикалық бағытта – 57 (бакалавриат – 51 (23),магистратура – 52 (20), докторантура Ph.D. – 27(14), халықаралық және ұлттық аккредитациядан өткенін мақтанышпен айта аламын. 2016 жылы университет ASIIN, ACQUIN, (Германия), НКАОКО (Қазақстан) аккредиттік агенттігінің педагогикалық кадрлар дайындайтын 33 білім беру бағдарламасы  бойынша білім беруді жүзеге асырды (бакалавриат – 17, магистратура – 16).2017-2018 оқу жылында 10 оқу бағдарламасы аккредитациядан өтуге дайындық үстінде.Сонымен бірге, болашақта бакалавриат пен магистратураның педагогикалық мамандықтарының барлық 43 білім беру бағдарламасы менбілім бағдарламаларын кезең-кезеңмен аккредитациядан өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді.



Ректор болашақ мамандарға білім беру және ғылыми жұмыстар жүргізу университеттің 7 институтында жүзеге асырылатынын алға тартты. Олар: Математика, физика және информатика институты; Педагогика және психология институты; Филология және көптілді білім беру институты; Өнер, мәдениет және спорт институты; Жаратылыстану және география; Тарих және құқық; Сорбонна-Қазақстан институттары. Сонымен бірге тәуелсіздік жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ ерекше мәртебесі бар еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны ретінде елімізде педагогикалық кадрларды дайындауды оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету орталығы болып қайта құрылғанын айта кетуіміз керек. Осы ретте 2015/16 оқу жылында университетте шетелдік әріптестермен бірге  дайындалған педагогикалық мамандықтар бойынша 23 жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларын енгізу жұмыстарын бастағанығын тілге тиек етсек орынды. Өз кезегінде ректор көптілді білім беруге бағытталған мамандықтар бойынша ағылшын тілінде оқытуға арналған оқу бағдарламасының қалай дамып жатқанына айрықша тоқталып өтті.

– Көптілді білім беруге бағытталған Кембридж, Сассекс университеттері ғалымдарымен және еліміздің педагогикалық ЖОО мен мектеп ұстаздарымен бірге физика, информатика, химия, биология мамандықтарына ағылшын тілінде оқытуға арналған оқу бағдарламалары жүзеге асырылды. Университеттің осы білім беру бағдарламаларына оқу-әдістемелік қамтамасыз ету үшін 19 оқулықтар ағылшын тілінде дайындалды. 2016-2017 оқу жылында университетте бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 13 мамандық бойынша ағылшын тілінде оқыту жүргізілді.

Педагогикалық білім берудің сапасын арттыру үшін «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында және Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында университетіміз «Үш тілді білім беруді дамытудың жол картасы» жоспарын жүзеге асыруға кірісті.

«Сорбонна-Қазақстан» институты ғылыми білім беру және мәдениет салаларындағы қазақ-француз әріптестігін онан әрі нығайтатын алтын көпір. Ол 2014 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың тікелей қолдауымен ашылған оқу ордасы, білім беру саласындағы екі елдің бірлескен жобасының жарқын дәлелі. Бұл – «Париж қаласының Сорбонна» университетінің әлемдегі екінші және ТМД елдері мен Орталық Азиядағы тұңғыш филиалы.

Бұл институтта білім беру бакалавриат пен магистратураның қосарланған диплом бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аталған халықаралық жобаны жүзеге асыруы Еуропалық үлгідегі білім алуына жол ашты. Өткен 2015-2016 оқу жылында «Сорбонна-Қазақстан» институты ең алғашқы түлектерін ұшырды. Мұнда «Менеджмент» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының 42 магистрі Абай атындағы ҚазҰПУ мен «Париж қаласының Сорбонна» университетінің дипломдарын қатар алып шықты. 2017  оқу жылында 22 маман диплом алды.Қазіргі уақытта 122 магистрант және магистранттар халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, менеджмент, маркетинг саласында өз қызметін жалғастыруда, – деді ректор.

Алқалы басқосуда Такир Оспанұлы шағын жинақы мектеп, ондағы оқу-тәрбие жұмысы, оларға педагог-мамандар даярлаумәселесі туралы да айтып өтті.

– Біздің білім бағдарламасына қосар келесі үлесіміз шағын жинақты мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету.Бүгінде республикамыздың 15 шағын жинақты мектептерімен ақпараттық-коммуникациялық байланыс орнатылып, оларға біздің профессорлар оқу-әдістемелік көмектер көрсетуде. Университет сайтында «ҚР Шағын жинақты мектептер академиясы» порталы жұмыс істейді.

Шағын жинақты мектептерге педагогтарды дайындауға бағытталған қосарланған мамандықтардыңоқу бағдарламалары дайындалды.Университет базасында «Білім» тобы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жұмыс істейді, биылғы есеп беру кезеңінде педагогикалық мамандықтарда эксперименттік оқу бағдарламаларын ендіру  тәжірибесі, ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Жаңа мамандықтар ашуды жоспарлағанда бүгінгі таңда маңызы зор мамандықтарды ғана таңдаймыз. Мысалы, осы оқу жылында біз «Халықаралық құқық», «Білім берудегі менеджмент» оқу бағдарламаларын енгізіп отырмыз. Бұл бағдарламада тәжірибесі бар мектеп,  колледж не университет  жетекшілерін магистерлік деңгейде оқытуды жоспарлап отырмыз.

Бүгінде бәсекеге қабілетті, жаңаша ойлайтын, өзіне де, қоғамға да шығармашылық-жасампаздық тұрғыдан талап қоя білетін мұғалімдер даярлап шығарудың маңызы зор. Бұл бағытта ҚазҰПУ айрықша еңбек етіп келеді десе болады. Университет басшысы бүгінде Абай атындағы оқу орнында білім алушылардың саны 6921 екенін алға тартты. Оның – 5619 бакалавриатта, 1115 магистратурада, 187 докторантура Ph.D-де оқитынын айта кетуіміз керек. Қалай десек те, елімізде ұстаз болып, адам тәрбиелеуді таңдаған жастар ең алдымен осы ҚазҰПУ-ді таңдайтыны белегілі. Біздің бұл сөзімізге биылғы жылы бірінші курсқа 2665 студент  қабылданып, түскендердің саны өткен жылмен салыстырғанда  15,2%-ға артқанын, соның ішінде білім гранты - 2016 жылға қарағанда 22%-ға артқанынан байқауға болады.

Университеттің профессор-оқытушыларының біліктілігі мен құзіреттілігі оқу орнының педагог мамандарды даярлау сапасымнн анықталатыны белгілі. Есепті кездесуде ректор осы мәселеге де ерекше тоқтады.

– Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны 883 адам. Ғылыми дәрежесі мен атағы бар ПОҚ  526 адам, оның: 157 ғылым докторы, профессор, 369 ғылым кандидаты, доцент, оның ішінде 25 PhD. ғылым докторы, 121 ғылым магистрі.Сондай-ақ, бізде 14 ҚР ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелері, 45 басқа да қоғамдық академиялардың академиктері, 19 шығармашылық одақтардың мүшелері, 6 еңбек сіңірген жаттықтырушы, 12 спорт шебері жұмыс істейді.

2016/2017 оқу жылында ҚР-ның мемлекеттік наградасымен 5 әріптесіміз, ҚР Білім және ғылым министрлігінің наградасымен 12 қызметкер,  Абай атындағы ҚазҰПУ  – 158 адам марапатталды,6 оқытушыға «ЖОО-ның озат оқытушысы» гранты тапсырылды Біз үздік оқытушыларымызды мақтан тұтамыз.

Физика кафедрасының меңгерушісі, КазНАЕН корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор К.Б.Тлебаевтың «Радиационно-термические эффекты в теплофизических свойствах полимеров и композитов» монографиясы 2015 жылы Париждегі 35-ші Халықаралық кітап дүкенінің аннотирленген каталогтары қатарына кірді, 2017 жылы 50 елдің танымал ғалымдары мен мұғалімдердің өзекті ғылыми жұмыстары ұсынылған Лондондағы кітап көрмесіне қойылды. Бұл – ірі саясаткерлердің, ғалымдардың және мәдениет қайраткерлерінің, жүз мыңдаған қонақтардың назарын аударатын интеллектуалды оқиға.

Заң ғылымдарының докторы, мемлекеттік және азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының профессоры Ермек Бөрібаев беделді халықаралық ұйымның жеке мүшелігі құрметіне ие Қазақстан мен Орталық Азиядағы нотариус мамандығының алғашқы өкілі, Халықаралық нотариустар одағы тарихындаалғаш рет сайланды.

Кадрлар әлеуетін көтеруде профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру маңызды.2016 жылы әртүрлі бағдарламалар бойынша196 оқытушынемесе университет оқытушыларының жалпы санының 25%-і «Өрлеу» біліктілік көтеру орталығы» АҚ мен Назарбаев университетінде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы және шетелдік алдыңғы қатарлы университеттерде біліктілігін көтерді.

ҚР БжҒМ-нің мемлекеттің тапсырысы бойынша, ағылшын тіліне тереңдетілген  білім беру бағытында 52 оқытушы  біліктілік курсын оқыды.ПОҚ-тың сапасын  арттыру мақсатында ағылшын тілін еркін меңгерген жас ғалымдар мен PhD докторларды ғылыми-педагогикалық қызметке тарту дәстүрі сақталады.

 

Сол себепті университет, біріншіден, республиканың педагогикалық институттары мен аймақтық университеттеріне кадрлар дайындау мен олардың біліктілігін арттыруды дамытуы қажет. Ол үшін біз мамандар дайындаудың құрылымын өзгертіп, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытып, үлесін арттырамыз.Біздің түпкі мақсатымыз университетте білім алушылардың ішінде магистранттар мен докторанттардың үлесін 30 %-ға жеткізу. Бұл әлемнің жетекші университеттеріндегі жағдайға сай келеді, себебі оларда магистранттар мен докторанттар үлесі 30-70 пайыз (мысалы, Кембридж университетінде– 35%, Гарвардта – 59%, Стэнфордта – 64%).Екіншіден, педагогтарды дайындаудың оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын сапалы жаңартуды жалғастыруымыз қажет.

Бітірушілердің еңбек нарығындағы талаптары және жұмыс берушілердің кәсіби құзыреттілік деңгейін қанағаттандыру дәрежесі университеттің сапалық тиімділігін анықтайтыны мәлім.Студенттердің оқу жетістіктерін дамыту білім сапасының нысаналы индикаторларының бірі болып табылатыны да есепті кездесуде тиянақты сөз болды..

– Білім сапасы мен құзіреттілігін кешенді тестілеудің (ВОУД) нәтижесі анықтайтыны белгілі.  2016 оқу жылындағы кешенді тестілеуге нәтижесі бойынша педагогикалық ЖОО арасында 1-ші орынға ие болды. Кешенді тестілеуге (ВОУД) қатысқан 27 мамандық бойынша 562 студент қатысып, орташа 98 балға ие болғанын мақтанышпен айта аламыз.217 түлегіміз (14%) үздік дипломға ие болды.

Педагогикалық мамандықта оқып жүрген студенттеріміз үшін бүкіл оқу кезеңінде педагогикалық практика үздіксіз жүргізіледі. Студенттеріміз өндірістік және педагогикалық практика базасымен толық қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда біз практикалық базалармен 170 келісім-шарт жасасып отырсақ, олардың 147-і білім беру мекемелерімен жасасқан келісімдер.Сонымен бірге университеттің Қапшағайда «Ұстаз» деп аталатын оқу-өндірістік комбинаты бар. Мұнда студенттердің далалық практикасы, плэнерлері өткізіледі.Түлектерімізді биылғы оқу жылында жұмыспен қамтуға 90,4% қол жетіп отыр. Бұл республикалық көрсеткіштен едәуір жоғары.Университет түлектерді тиімді жұмысқа орналастыру үшін жыл сайын дәстүрлі «вакансиялар» жәрмеңкесінөткізіп келеді.

«Түлектер – 2016» бос орындар жәрмеңкесіне 800 бакалавриат түлектері және 112 жұмыс беруші қатысты, олар 1289 бос жұмыс орнын ұсынды, 669 резюме алды.

Біздің түлектердің жұмыс берушілері  Алматы қаласы мен Алматы облысының оқу мекемелері ғана емес, елдің барлық аймақтары болып табылады. Түлектердің жалпы санынан Алматыда жұмысқа орналасқандары  27%, Алматы облысында – 49%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 7%, Ақмола облысында – 5%. Еліміздің басқа өңірлерінде унверситеттің түлектері 1 ден 5 % -ға дейін жұмыспен қамтылды.Бакалавр  түлектердің жұмысқа орналасуының жеткілікті жоғары деңгейі «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы арқылы қамтамасыз етіледі.

Дәл қазіргі уақытта ҚазҰПУ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты программалық мақаласында айтылған міндеттер мен жобаларды іске асыруға бағытталған бағдарламамен жұмыс істеуде. Университет ұстаздары мен ғалымдары осы стратегиялық бағдарламаға сәйкес нақты нәтижеге жоспарланған Жобалық Офис негізіндеқызмет жасауда. Такир Оспанұлы мұны ерекше ықыласпен тілге тиек ете кетті.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшуіне байланысты республикамыздағы педагог мамандарды  даярлауға арналған білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңартылатын болады. Елбасының осы ауқымды жобасы білімнің жаңа мазмұнын анықтап, жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасауға бағыттайды.Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруде Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық білім берудің алдыңғы қатарлы орталығы ретінде ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік қолдауымен қамтамасыз етеді. Университет профессорлары мектеп және ЖОО оқулықтарының басым көпшілігінің авторлары болып табылатынын ойға алсақ, университет ғалымдарының алдында орта мектеп оқулықтарының жаңа құрылымы мен мазмұнын анықтау міндеті тұр. Бұл мәселені шешу үшін біз әлемнің үздік білім беру жүйелерінің (Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Финляндия) және әлемдегі жетекші баспалардың (Pearson, Longman, Macmillan) тәжірибесі мен оқулықтарын талдау жасауды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті  өз болашағын зерттеу университеті ретінде дамыту бағдарын қолға алуда.Университетте ғылыми зерттеулердің басым бағыттары анықталған: Мемлекет басшысының«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында көрсетілген «Мәңгілік ел» патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, үштілді білім беру, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеттері, «Сандық Қазақстан» және ақпараттық-компьютерлік 3D-технологиялар негізінде жаңа білім ресурстары және т.б.

2016 жылы ҚР БжҒМ-нің іргелі зерттеу тақырыптарын грантпен қаржыландыру бойынша – 13 жоба жасалды.

Университеттің ғалым-педагогтары 2016 жылы құрастырылған ҚР мемлекеттік Стандартына сай қазақ және орыс тілдерінде 190 пән бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша 16 педагогикалық мамандық  бойынша типтік бағдарлама жасады. Оның ішінде156 – бакалавриат пәндері бойынша; 32 пән магистратура бойынша; 2 пән Ph.D. докторантура бойынша.Орта мектепке арналған 229 оқулық пен оқу құралдары, жоғары оқу орындарына арналған 17 оқулық және 153 оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.



Ғылыми зерттеу нәтижелерін ендіру қанағаттанарлық деңгейде  жүзеге асуда. 2016 жылы оқу пәндеріне ғылыми немесе әдістемеліктерді қолдану туралы 148 акті жасалған.  Оқу үдерісіне 33 монография, 71 оқу құралы, жоғары оқу орнына арналған 2 оқулық, орта мектепке арналған  29 оқулық,  жарық көрді.

Жалпы алғанда университет оқытушылары  2016 жылы  4199 ғылыми жұмысты жариялады, соның ішінде: 76 монография, шет елдік баспада10 монография шықты; 128 ғылыми мақала Thomson Reuters (14), Scopus (114)  импакт-факторлы шет елдік журналдарда басылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарында қойылған міндеттер негізінде университет ғалымдары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру тұжырымдамасын,  «Мәңгілік Ел» оқу курсының бағдарламасын қазақ және орыс тілдерінде дайындады.

2017 жылдың 26 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Францияның Сыртқы істер министрлігі мен Франция Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Идеялар түні – бір әлем» ауқымды халықаралық ғылыми-мәдени шарасы Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсиса Этьен мырзаның, Франциядағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Патрик Ренардың, Қазақстандағы Франция Елшілігінің Кеңесшісі Гийом Касперскийдің, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың қатысуымен өтті.Бұл іс-шараға 500-ден астам қонақтар қатысып, бүкіл әлем бойынша бір уақытта онлайн-трансляцияжасалды. Сорбонна-Қазақстан Институтының түлектері пікірталасқа белсенді қатысып,  қонақтарының сұрақтарына жауап берді. 2017 жылы «Идеялар түні» тақырыбы халық өміріндегі тіл мен мәдениеттің рөлі туралы ой өрбітті.

Білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмысыкадрларды даярлау сапасын жоғарылатудың, сонымен қатар, білім берудің ғылыми-білімдік парадигмасын жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. «Мәңгілік Ел ұлттық идеясы, Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің жүйе құрастырушы факторы ретінде: мәселелері және оны жүзеге асыру жолдары» халықаралық  ғылыми-практикалық конференция, «Қазақстан Республикасы педагогикалық білім беруді жүйелі жаңарту: проблемалары, шешу жолдары» халықаралық  ғылыми-практикалық конференция, ҚР БҒМ бастамасымен ұйымдастырылған «Жүсіп Баласағұн: адамгершілік педагогикасының қайнар көзі  және заманауилық,  көрнекті түркі ойшылы  Ж.Баласағұннның 1000-жылдық құрметіне орай  халықаралық дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуы осы айтқанымызға дәлел.2016 жылы164 білім алушы олимпиада және байқаулардың жеңімпаздары болды, оның ішінде 10 – халықаралық,  154 –республикалық дәрежедегі байқаулардың жеңімпазы атанды.

Жаңа білім берудің ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларынтиімді дайындау үшін университет білім мен ғылымды біріктірудің инновациялық шетелдік тәжірибені кеңінен қолданатынын атап өту керек.

–       Осы ретте 2016 жылы 595 магистрант және 23 докторант Еуропа, Америка, Азияның Оңтүстік-Шығысының ғылыми орталықтары мен университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті.Докторанттардың337,  магистранттардың622мақаласы шет елдік және отандық журналдарда, халықаралық және республикалық конференцияларда жарияланды, соның ішінде  56 мақала – Thomson Reuters, Scopus, РИНЦ ақпараттық базасына енетін ғылыми журналдарында жарық көрді.

Университете Ph.D. философия докторы диссертациясын қорғау жөніндегі «Білім» (Гуманитарлық ғылымдар), (Жаратылыстану ғылымдары) және (Педагогикалық ғылымдар) бағыттары бойынша үш кеңес жұмыс істейді. Университеттегі ғылыми – зерттеу жұмыстарын жандандыру мақсатында оқу орны келесі жұмыстарды қолға алуды жоспарлап отыр:ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік жасау. Ол үшін ғалымдардың Министрлік және басқа жақтардан  ғылыми зерттеу гранттарын немесе басқа жобаларды жеңуіне қолдау көрсету. Ғылыми зерттеуді жобалық қаржылау принципіне көшіру; Университет бюджетіндегі ғылыми-зерттеуге арналған қаржы көлемін арттырып, алдағы 3 жылда кемінде екі-үш есе көтеру; ғалымдардың жетекші журналдарда мақала жариялануына ынталандыру жүйесін енгізу;ғылым мен инновациялық парктің қызметін қайта ұйымдастыру; әлемнің жетекші ғалымдары мен орталықтарымен бірлескен зерттеулерді ынталандыру; педагогикалық технологиялар орталығын, мамандандырылған педагогикалық зертханаларды құру.

Оқу орны қызметінде халықаралық ынтымақтастық маңызды орын алады.Бүгінгі таңда Абай атындағы университет 11 халықаралық ұйымдарға,ассоциацияларға мүше. Әлемнің 36 мемлекетіндегі шетелдік университеттермен бірлескен жұмыстар бойынша 180 келісімшарт, меморандум, келісім жасалған, оның ішінде 20 келісімшарт ТОП-500 әлемдік университеттердің келісіміндегі Академиялық рейтингтегі университеттермен жасалған. (The Academic Ranking of World Universities, ARWU).Батыс және Шығыс Еуропаның 16 мемлекетімен келісім-шарт негізінде жұмыс жасауда екен.

2016 жылдың маусымында Кембридж және Сассекс Ұлыбритания университеттерімен екі  келісімшартқа қол қойылды. Бұл әлем университеттерінің ғылым және білім беру саласында Абай атындағы КазҰПУ-мен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екендігін білдіреді.ҚазҰПУ Франко фонды университеттер Ассоциациясына енді (AUF). Бұл мүшелік әлемдегі франкофонияны тарату және жарнамалауға ықпал ететін ғылыми жобаларды қаржыландыру байқауларына қатысуға мүмкіндік береді.Болон процесі параметрлері аясында Академиялық ұтқырлық үрдісін дамытуға университет ерекше мән беретінін айтып өтсек артық емес. Студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуына, университет магистранттардың шет елде оқуын және ғылыми-зерттеу практикасын ұйымдастыру жұмыстарын қолға алған.Университет халықаралық келісімдер аясында баламалы өзара алмасу арқылы оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығына серіктес-жоғары оқу орындарымен және ҚР БҒМ Болон үдерісі орталығының ұсынған мүмкіндіктерді пайдалану арқылы, сондай-ақ, Erasmus + жобасы, шет мемлекеттер үкіметтері ұсынған басқа да жобалар арқылы ықпал етеді.

– Халықаралық рейтингтерде негізгі компоненттердің бірі – интернационалдандыру. Сол себепті біз шетелдік студенттер мен ұстаздарды оқу және жұмысқа қамтуды көбейтуіміз қажет.2016/2017 оқу жылында университетте 230 шетелдік студент (3,5%) оқыды. Олар Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан және т.б. елдерден келді. Алда олардың үлесін 5-7 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Орталық Азиядағы білім беру орталығын дамыту және ғылымды жаңғырту» бастамасы аясында университетте маркетингтік науқандар негізінде Орталық Азия, Моңғолия, Қытай және басқа елдердің шетелдік студенттерін  тарту жоспарлануда.

Біздің университетімізде білім берудің беделі және тартымдылығы, оның ішінде білім беру бағдарламаларының өзектілігі, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету бағдарында білім беру қызметтерінің сапасы, қолайлы әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық жағдайлары қарастырылып, бұл бағытта ағылшын тілінде қосарланған білім беру мен білім беру бағдарламаларын жасаймыз.

Біздің студенттер жаңа достар табуға, шетелдік жоғары оқу орындарында білім беру жүйесімен танысуға үлкен ынталы екендіктерін көрсетті.Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 51 білім алушы оның ішінде, 28 студентіміз, 23 магистрантымыз семестірлік оқу курсынан өтті.

Біз Литваның жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық үшін ерекше алғысымыздыбілдіреміз.Бірнеше жыл бойы біз Литва Эдуард университетіне, Вильнюс университетіне, Каунас техникалық университетіне, Миколас Ромериас университетіне оқуға жібердік. Біздің студенттеріміз Померан академиясында (Польша), Париждегі Cite және Perpignan Via Domitia (Франция), Цукуба университеті (Жапония), Гази университеті және Эрзинджан университеті (Түркия), Ланжоу университеті, ІЛЕ педагогикалық университетіндерінен(КНР) білім алды.

Қазақтың ұлы ойшылы данышпан Абайдың мұраларын насихаттау, оны ұлықтау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің абыройлы борышы екенін жақсы білесіздер.

Осы мақсатпен біз, яғни Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы, өз ынта-ықыласымызбен өзіміз әріптестік орнатып отырған шетелдік университеттерде Абай орталықтарын ашуды жөн санап, бүгінге дейін бюджеттен тыс қаржы есебінен Қытай, Вьетнам, Түркия университеттерінде Абай атындағы 4 халықаралық білім беру орталықтарын аштық.

Ханой педагогикалық университетімен бірге 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90-жылдығына арналған «Ханой ұлттық білім беру университетінің ғылыми журналы» жарыққа шығады.Мәдени-білім беру орталықтарының қызметі – Қазақстан тарихы мен мәдениеті, елтану тәрізді әртүрлі семинарлар өткізу арқылы  Абай мұраларын  танымал ету.Абай орталықтары халықаралық білім мен ғылым кеңістігін интеграциялауға, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдегі саяси имиджін көтеруге қызмет атқарады.

Тәрбие жұмысының басымдықтары қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, лаңкестікке және діни экстремизмге қарсы идеологиялық жұмыстар, қылмыстың алдын-алу және жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсаттарын  іске асыруға ықпал етеді.

Тәрбиелік жұмыс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, «Жас Отан» жастар қанаты,   Универсиада-2017 басқармасы,  G38 жастар ұйымы, «Екі қанат» Ғылыми Өнідірістік бірлестігі, «Жанашыр» орталығы, «Жігер» қайырымдылық қоры, «Волонтерлар лигасы», Алматы қаласындағы «Болашақ» дебат орталығы, «Жайдарман» лигасы сынды ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі.

Әлеуметтік-мәдени саясат интеллектуалды, рухани, адамгершілік және физикалық дамуға негізделген жастар бастамаларын қолдауға бағытталған.Ұлтаралық бейбітшілік пен келісім ахуалын қалыптастыру үшін университетте 44 студенттік ұйым, 13 үйірме, 2 шығармашылық бірлестік, 3 жасақ және түрлі ұлттың 37 білім алушыларынан құралған «Бірлік» атты студенттік ассамблея жұмыс істеп келеді.

Есептік кезеңде университетішілік 60 спорттық іс-шара ұйымдастырылған. Университеттің спортшылары 20 университетішілік, 5 аудандық, 18 қалалық, 1 халықаралық әртүрлі спорттық жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Мысалы,«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2 курс студенті  Барах Мейрамбек «Студенттік Барысы-2016» қазақша күрестен республикалық турнирдің жеңімпазы атанып, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада  - 2017» алау ұстаушы құқығына ие болса, 4 курс студенті Лаззат  МынжасароваҚазақстан ұлттық хоккей командасының құрамында Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысты.



Волонтер ретінде біздің 70 студент 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысса, 20 студентіміз ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жіберілді.

Студенттер арасында кеңестік-үйлестіру қызметін көрсету үшін Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жұмыс істейді, сенім телефоны бар.

Университеттің дамуының маңызды басымдықтарының бірі басқару тиімділігі мен инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Сонымен бірге білім нарығындағы бәсекелестік талабына сай келетін, білім алушыларды қызықтыратын қосымша құндылықтарды қамти білетін Сандық (Цифрлық) университет болуы қажет.

– Абай атындағы ҚазҰПУдамудың жаңа тенденцияларынасай барлық қызметін цифрлық технологиялар негізінде жүргізіп,университеттің құрылымдық бөлімшелері арасында  бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға, сандық кітапхана және сандық кампус, қашықтықтан оқытуды және онлайн оқыту жұмыстарын іске асыруды, сондай-ақ оқытушыларға ғылыми-әдістемелік қолдауды  жүзеге асырмақшы.Сандық инновация іс-әрекеттері: сандық маркетинг, білімді және зерттеу жобаларын басқару, сатып алуды басқару, талапкерлер мен студенттермен қарым-қатынасты яғни, университеттің ішкі жұмыс түрлерінің тиімділігін арттырады. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін менеджменттің  стилі, принциптері мен жалпы басқару жүйесін сапалы өзгерту қажет.

Стратегиялық басқару саласында университетті  тиімді басқару  Абай атындағы ҚазҰПУ Стратегиясының орта мерзімді болашағына міндеттерін, мақсатты көрсеткіштерін және тікелей нәтижелерінің көрсеткіштеріннақтылап алуды қажет етеді. Осыған орай операциялық менеджмент саласында ҚазҰПУ жүйесінде «Қызметті бағалау критерийлерін»(ҚБК)  әзірлеп, бекітіп, ӘБҚ(Әкімшілік басқару қызметкерлері) үшін тиімді келісімшарттарды жүзеге асырып, қызметкерлерді дамыту бойынша шаралар қабылдау жоспарланып отыр екен. Қаржылық менеджмент саласында университет бюджет жүйесін жетілдіруге ниетті екен.

Университет білім беру қызметтерін ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ете алатын  материалдық-қаржы активтерімен қамтамасыз етілген. Материалдық-техникалық база оқу үдерісіне қажетті компьютерлік және оргтехникалық оқу материалдарына қажетті  инфрақұрылым жүйесімен қамтылған.

Білім беру үдерісі  15  оқу корпусында жалпы аумағы 54 мың шаршы метрді құрайтын(24 компьютерлік сыныпта, 15 лингофон кабинетінде, 45 оқу және ғылыми зертханаларда, 44 шеберханаларда, 38 интерактивті дәрісханаларда және т.б.) өткізіледі.Студенттердің тәжірибелік практиканың барлық түрлерінен өтуі, сондай-ақ демалысы Қапшағай су қоймасындағы оқу-өндірістік кешенінде ұйымдастырылады. Университеттің www.kaznpu.kz екінші деңгейдегі доменді атауымен интернет-кеңістікке  тұрақты өкілдігі бар.   Білім беру қызметінің ақпараттық қолдауын жақсарту үшін, соның ішінде онлайн интернет-конференциялар арқылы Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайын Интернетке-қолжетімділік арнасын көбейтіп отырады.

Білім беру үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын кітапхана жүзеге асырады. Университет кітапханасының оқу залдары тек оқу корпустарында ғана емес, сондай-ақ студенттік жатақханаларда да бар.

Кітапхананың кітап қоры мемлекеттік, орыс және қазақ тілдерінде университет бағытына сәйкестендіріліп, білімнің әр салалары бойынша ұснылған.

Кітапхананың негізгі кітап қорыбілімнің барлық салалары бойынша құжаттамалардың әр түрінің 1 млн. бірлігін құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 703 мыңнан аса кітап бар, электронды нұсқада – 6 мың. 2016 жылы 578 аталымда 14 мыңнан аса әдебиет, оның ішінде 4 мың мемлекеттік тілде, 5 мың орыс тілінде, 5 мың шет тілінде алынды.

–Университеттің материалдық базасын дамыту үшін, білім берудің әлемдік стандартына сай келетін білім берудің жайлы сервистік түрлерін құру жағын қолға алуымыз қажет.

Абай атындағы ҚазҰПУ-да жұмыс ашық, әрі жайлы ортаны, мейірімділік ахуалымен жүргізілуде.Қолайлы жұмыс, оқыту, өмір сүру және бос уақытты өткізу шарттары, психологиялық және моральдық-моральдық климатты жақсартуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға әсер етеді.

«Бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік және мәдени қызметтердің сапасын жақсарту бағытындастуденттік қызметтің бірыңғай орталығыжұмыс жасауда.

Қазіргі заманғы тенденцияларына сай және жаңа буынның білім беру жүйесіне түбегейлі ауысуларға дайындығын университетте жатахқана құрылысы, 600 адамға арналған акт залы, оқу корпустарын, аудиторияларды, ғылыми-оқу лабороторияларын, әлеуметтік-мәдени, спорттық кешендерді жетілдірусандық кітапхана құрудыкөздеп отыр.

Абай атындағы ҚазҰПУ – Қазақ жерінде қалыптасқан тұңғыш жоғары оқу орны. Университетімізге 2018 жылдың 1 қыркүйегінде 90 жыл толады.Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің іргетасы біздің университетімізде  қаланған. Осы жылдар ішінде университет үлкен белестерді бағындырған оқу орны.  Университет құрылғаннан күні бүгінге дейін елдегі ең беделді және атақты ЖОО-ның бірі. 90 жылдық тарихында біздің университет педагог мамандарды дайындауда сапаға қызмет ететін,  әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетіне білім  беру бағдарының даму басымдықтарын негізге алған жоғарғы оқу орны.

90 жылдық мерейтой – XXI ғасырға сапалы  білім бағдарын сусындатып, келер ұрпаққа жеткізе білетін жүз мыңдаған түлектері, оқытушылары және университет қызметкерлері үшін маңызды күн.  Мерейтой университеттің  ғана емес, республиканың атаулы мереке  мәртебесінде ұйымдастырылғаны маңызды – деді ректор.

Профессор Такир Балықбаевтың Абай атындағы ерекше мәртебесі бар ұлттық педагогикалық зерттеу университетінің барлық іс-жоспары 2025 жылға қарай QS World University Ranking әлемдік рейтингінде әлемнің ТОП-400-450 университеттерінің қатарына кіру үшін, жұмыс берушілер арасында академиялық беделін арттыруға, педагогикалық білім мен ғылым саласындағы жетекші позицияларды нығайтуға бағытталғатынын мәлімдемдеген есепті баяндамасынан соң  жұртшылықтың бұл салаға деген қызығушылығы одан сайын оянып, тұс-тұстан көптеген сауалдар қойылды. Педагогикалық саланың нағыз маманы атанған Такир Оспанұлы барлық сұрақтарға нақты жауап берді. Жиналғандар бұл есепті кездесуге көңілдері толып, қанағаттанарлық жылы сезіммен тарады.

 

Болат ШАРАХЫМБАЙ,

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жетекші маманы

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x