Мелдешов "болашақтықтарды" емес, шетелдік университеттерді «қойға» теңепті

Dalanews 21 мау. 2017 02:54 260

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Жанболат Мелдешовке   қарамағындағылар қарсы шығып, жұмыстан уақытша шеттетілген болатын.

Тіпті Білім және ғылым министрлігі Мелдешов дауына қатысты комиссия құрып, тексеру жүргізген.

Бірақ арызда жазылғандай директордың туыстары мен жақындарын жұмысқа қабылдағаны және қызметкерлерге қоқан-лоқы көрсеткені дәлелденбепті. Сондықтан, министрлік Ж.Мелдешовты қайта басшылық орында қалдырған. Тек қызметтік этиканы бұзғаны үшін қатаң сөгіс жариялапты.

Ал интернетке тарап кеткен видеоға қатысты  Ж.Мелдешовтынң өзі: «Жиын кезінде «қой» деп «Болашақтың»  стипендиаттарын емес, ақшаға құныққан шетелдік университеттерді»  айттым деп ақталды.

Сондай-ақ, комиссия осы дау аясында жұмыстан шығып қалған мамандарды да қайтару туралы шешім қабылдапты. Ал Мелдешов  өзіне қарсы шыққан онға жуық қызметкерге еш ренжімейтінін айтыпты.

– Жұмысқа дүйсенбіден бастап кірістім. Біріншіден, ешкімге дөрекілік көрсеткен емеспін. Ондай болған жоқ. Сондықтан бұдан кейін де дөрекілік көрсетпеймін деген дұрыс емес әңгіме, – деді Жанболат Мелдешов.

Жәудір Оразхан

 

Дереккөзі:https:  ktk.kz

 

 

https://dalanews.kz/24149

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x