Білім-инновация лицейінің оқушылары әлемдік IT жарысында ел намысын қорғады

Dalanews 05 қаң. 2017 10:15 225

Биыл қараша айының 13-14 күндері Америкада барлық әлем бойынша миллионнан аса программисттерді біріктіретін HaсkerRank платформасы университеттердің рейтингін қалыптастырды.

Бұл іс-шара осы жылы алғаш рет өткізілген. Hacker Rank University Code – Sprint платформасы университеттердің кодтаумен маманданған программистерді дайындау жетістік деңгейлерін анықтады.

Рейтинг ресурсты қолданушылардың бағдарламалаудан есептерді шешу нәтижелеріне сәйкес қалыптастырылды. Іс-шараға әлемнің 126 университеті мен колледждерінің 5,5 мыңнан астам студенттері қатысты. Есептерді шешуіне қарай университеттерге белгілі балл саны берілді.

HaсkerRank платформасының есептеуі бойынша, Санк-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университеті ең үздік атанды. Екінші орында Sun Yat – sen memorial Middle School (Қытай), ал үшінші орында Ho Chi Minh City University of Science (Вьетнам).

Алматы Білім-инновация лицейі (КТЛ) рейтингте 21-орынға табан тіреді. 9 сынып оқушылары: Әбілханов Алмас, Мухаметқазин Арафат, Төлеген Ерназар.

10 сынып оқушылары: Рахматуллин Ралиф, Алуадин Айдын, Кусаинов Жанболат.11 сынып оқушылары: Мәдібек Нұрбақыт, Турубаев Алишер, Абдрахманов Алдияр, Жалғасов Асхат. Командалар ең азында 10 оқушы болу керек.

Ең жоғарғы балл жинаған оқушымыз 11-сынып оқушысы Мәдібек Нұрбақыт Қазақстаннан қатысқан оқушылардың ішінен екінші орын алған, ал Жалғасов Асхат 7-інші болған. Оқушыларымыздың барлығы информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысып жүрген дарынды балалар.

Жанайхан Болат

Директордың бейінді оқыту ісі-жөніндегі орынбасары

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x