Ғалымдар өндірістік сарқынды суды тазартудың жолын тапты

Dalanews 24 қар. 2016 08:22 348

Техногендік қалдықтармен ластанған су көздерін электрохимиялық тәсілмен тазартудың тың тәсілін Д.В. Сокольский атындағы катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институтының бір топ ғалымдары ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Өндірістік қалдықпен ластанған сарқынды су көздерін электрохимиялық тәсілмен тазартудың технологиясын әзірлеу жобасына химия ғылымдарының кандидаты А.Е.Қоңырбаев пен техника ғылымдарының докторы, профессор В.А.Колеснико жетекшілік жасаған.
Ғалымдар сарқынды суды техногендік қалдықтардан тазарту үшін бірінші кезекте экстракциoнды-электрoхимиялық тәсілмен ұнтақ және бөлшектелген электродтар дайындаған. Бұдан кейін осы электродтардың көмегімен лас суды тазартқан. Нәтижесінде өндірістіктік қалдықпен ластанған сарқынды суды 92 пайызға дейін тазарған. Бұл жобаны тағы бір тиімділігі электр қуатын аз тұтынатынымен де ерекшеленгенін айта кетуіміз керек.
«ҰҒТАО» АҚ Баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x