Алматыда оқушылар арасында «IITU Robocon Games» робот техникасының ІІ чемпионаты өтті (фото)

Dalanews 27 қаз. 2016 11:58 250

Алматы қ. орта мектептерінің робот техникасы бойынша 15 үздік командасы чемпион атағына күресіп, білім және дағдылар алмасу үшін ойын алаңында кездесті. Іс-шара Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) және «Шеврон» компаниясының демеушілігімен жүзеге асты.

«Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмуханованың айтуынша, «компаниямыздың әлеуметтік инвестицияларының басты бөлігі -- қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетінің және білімділігінің дамуына үлес қосу. Біз жастардың техникалық біліміне және оларды Отан сүйю мен өмірді жақсылыққа қарай өзгерту ынтасын тәрбиелейтін экологиялық бағдарламаларға көп көңіл бөлеміз».

Ұйымдастырушылар екінші чемпионаттың тақырыбын «Биоэнергетика бүкіл әлемге қуат береді» деп таңдап алды, бұл «EXPO 2017» халықаралық көрмесінің «Болашақ қуаты» тақырыбымен үндеседі, көрме «Жасыл энергетикаға», оның ішінде биоотынның алуан түрлерінен қуат алуға арналған. Дәл осы тақырып жарыс пішімін анықтады: 6 ай бойы 15 алматы мектебі шектелген уақыт ішінде ойын алаңында белгілі бір пәрмендер жиынтығын орындайтын, атап айтқанда құбырларды кішкене доптармен толтыратын екі роботты әзірлеумен айналысты, мұнда кішкене доптар «биоотынды» ал құбырлар «биореакторды» білдіреді. Жарысқа дайындалу кезінде оқушылар мен олардың тәлімгерлері механика, электроника, бағдарламалау мен басқа шектес пәндегі білімдерін қолданды.

image-23-10-16-08-50-2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің PR жөніндегі кеңесшісі Майраш Тайкенова: «Оқушылардың арасындағы «IITU Robocon Games» жарысы дарынды жастарды анықтауға ғана емес, Қазақстандағы робот техникасының дамуын робот жасаудың халықаралық стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді».

image-23-10-16-08-50-1

«№5 мектеп гимназиясы» командасының капитаны, 11 «Б» сыныбының оқушысы, Титов Семен былай деді: «Чемпионаттың жарысу рухы өте жоғары, ұтысқа деген күшті уәждеме бізді бірнеше ай бойы күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр етті. Жеке өз басым Қазақстанда робот техникасы бойынша осындай олимпиадалардың болғанына ризамын, оларға қатысушылардың саны жыл сайын өсе бергенін қалаймын».

ХАТУ АҚ «Мехатроника және зияткерлік жүйелер» зертханасының меңгерушісі Н.Б.Кәрімжан: Робот техникасы бойынша «IITU Robocon Games» чемпионаты мектеп оқушыларына университеттік деңгейде өздерін көрсетуге: роботтарды әзірлеуді «нөлден», яғни құрылымдау мен механикадан бастауға, одан кейін электроникасын әзірлеп, роботтың ой-өрісі үшін бағдарлама жазуға мүмкіндік береді. Яғни чемпионаттың қатысушысы бұл АТ, электроника және робот техникасы саласында ғылыммен айналысатын кез келген ғылыми институтқа кіші зертханашы қызметіне жарамды, дайын жас маман.

image-23-10-16-08-50-9

1-орын – Алматы қ. химия-биологиялық НИМ

2-орын – Алматы қ. физика-математикалық НИМ

3-орын - им. М.Мәметова атындағы №28 лицей

Ұйымдастырушылар чемпионат жеңімпаздарын жоғары технологиялық роботтарды құрылымдау үшін 3D принтер, ноутбук пен квадрокоптерлер, сондай-ақ ІТ-индустриясының білікті, халықаралық деңгейде танымал мамандарын дайындауда озық орын алатын Ақпараттық технологиялардың халықаралық университетінде оқуға гранттар және жеңілдіктермен марапаттады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x