2016 жылғы халықаралық пәндік олимпиадаларда қазақ-түрік лицейлерінің 129 түлегі топ жарды

Dalanews 21 қаз. 2016 10:01 215

Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атау жөніндегі сындарлы бастама да, «Мәңгілік Ел» атану туралы ұлттық идея да қоғам тарапынан қызу қолдау тапқаны, біз үшін де үлкен мәртебе.


Ұлт көшбасшысының тікелей қамқорлығының арқасында Қазақстанда «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры еліміздің білім беру саласындағы өзіндік орнын тапты деуге болады. Осының нәтижесінде қазақ-түрік лицейлерінің жұмыстары жанданды.


Қор басшылығының (Қордың Құрылтайшылар кеңесі мен Қордың Ғылыми-әдістемелік кеңесі), ҚТЛ білім алушыларының ата-аналар қауымдастығы, лицей директорларының шешімімен ҚТЛ атауына «ребрендинг» жасау, яғни білім беру ұйымының қоғамдағы орны мен мәртебесін жайлы жайғастыру мақсатында атын ауыстыруды, және де оны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырып, атауын «Білім-инновация лицейі» деп өзгерту туралы бастама көтеріп отыр.


Сонымен қатар, ҚР Премьер-министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовтің Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ал ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің аталған кеңестің мүшесі атануы және ҚР БҒМ өкілдері мен Қордың бұрынғы белсенді мүшелерінің қатысуымен Қор жұмысының жаңа бағыт, жаңа қадамдар, тың идеяларды жүзеге асыруына мол мүмкіндік беретіні кәміл.  


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, жүрер жолын айқындап, бағыт-бағдарын нақтылап алды. Бірлігі жарасқан еңселі елді дүниежүзі таныды, оны танытуға біздің Қорға қарасты лицейлердің  қосар үлесі мол деп ойлаймыз. Оған мысал, 2015-2016 оқу жылы оқушылардың жетістіктері:


Халықаралық пәндік олимпиадалар – 129;


Халықаралық ғылыми жоба жарыстары – 238;


Республикалық пәндік олимпиада – 253


Республикалық ғылыми жоба жарыстары – 62.


Ал, алдыңғы қатарлы оқу орындарына түсу бойынша 2015-2016 оқу жылында ҚР ЖОО-ына (гранттар) 821 түлек түскен.  Назарбаев Университетіне – 148, ТМД және алыс шет елдердің ЖОО – 267 бітіруші қабылданған.


Анықтама: «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі елдің Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Т.Өзалдың тікелей қолдауымен құрылған. Қазіргі таңда «KATEV» ХҚҚ басқаруында 27 мемлекеттік қазақ-түрік лицейлері бар.  Қазақ-түрік лицейлері осы 24 жыл бойы еліміздің білім беру саласын жаңа сапалық деңгейге көтеру тұрғысында, оны халықаралық аренада абыроймен  атқарып келеді.


bb4b2666d81395a4bffdb0567706be66


Қанат Сапарғали, 


«KATEV» халықаралық қоғамдық қорының баспасөз хатшы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x