София университетінің делегациясы ҚазҰУ-ге келді

Dalanews 07 қыр. 2016 10:56 275

СОФИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫНДА ҚОНАҚТА

2016 жылдың 31 тамызынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында халықаралық жазғы мектеп аясында «Қазақ мәдениеті» атты Болгария Республикасының София университетінен келген делегациясына арналған оқу-танымдық жұмысы жүргізіліп жатыр.

Курстың  басты мақсаты қазақ халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрін шетелдіктерге таныстыру, дәріптеу. Сонымен қатар, 5 қыркүйекте философия және саясаттану факультетінде өткен «Қазақстанның отыз дамыған елдің қатарына кіруінің мәдениеттанулық үлгісі: өзгермелі әлемдегі интеграция және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» ғылыми-зерттеу жобасы аясында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Мәңгілік Ел» идеясы, қазақстандық патриотизм қалыптастыру және рухани-этникалық құндылықтарды сақтау  жолдары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел мәжілісі болгарлық зерттеушілер белсенділік танытты. Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы контекстіндегі қазақстандық қоғамдағы интеграция және мәденитаралық коммуникация мәселелері, қазіргі әлемдегі рухани құндылықтардың өзгеруі және қайта бағалануы, жаһанданған әлемдегі рухани-адамгершіліктік құндылықтардың рөлі, мемлекет, дін және жеке тұлға, дәстүрлі діни құндылықтар және заманауи сын-қатерлер, ұлтжандылық – өркениетті қоғам қалыптастырудың негізі секілді мәселелер бойынша қызу пікірталас өтті.

IMG_5819Делегацияның құрамында «Предтечи БГ» бас директоры Добичина Виолета, София университетінің атынан келген профессор Колева Ирина, Станислова Стоянова, докторант Надежда Жечкова, Атанасова Полина, Атанасов Димитар, этникалық азшылықтың балалары мен оқушыларына білім беру интеграциясы орталығының қызметкері Анна Костова, математик Иван Миронов, «ЗД ЕВРОИНС» АД компаниясының қызметкері Щиляна Миронова, Фракия университетінің профессоры  Митко Шошев, дәрігер Лиляна Вълчева секілді әртүрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлер қазақ мәдениеті, ділі, тіліне қызығушылықтарын танытып отырғандарын жасырмады, осы курстың аясында Болгария Республикасынан келген делегациялар қазақ мәдениетімен, қазақ философиясы мен ойлау мәдениетінің шығу тегі жөнінде біраз мағлұматтар алғандықтарын айтты. Этнологияны зерттеуші Надежда Жечкова «Қазақ халқының мәдениеті де, әдебиеті де түсінген адам үшін зор мұра, қол жетпес қазына» деп өз ойын сабақтады.

Сонымен,  «Қазақ мәдениеті» атты Халықаралық  оқу-танымдық жұмыс жүргізу теориялық  бағытты ғана қамтып қоймай,  өз дәрежесінде тәжірибелік-танымдық бағыттады жұмыс істеп, болгарлық делегацияны Түркістан, Тараз секілді Оңтүстік Қазақстанның қалаларындағы тарихи-археологиялық ескерткіштеріне саяхат жасатып қайтты. Бұл жүзеге асырылып отырған іс-шара екі мемлекетке де өз тиімділігін әкелері сөзсіз. Екі мемлекет арасында академиялық мобильділік бағдарламасы талқыланып, ғылыми-білім беру серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылды. Бұл серіктестіктің болашақта өз нәтижесін беретіндігіне сенім білдіреміз.

 

Кантарбаева Ж.У., Аликбаева М.Б.,


Дінтану және мәдениеттану кафедрасының


доценттері


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x