Ынтымақтастық жалғасуда

Dalanews 07 мау. 2016 03:40 150

Қазақстан мен Франция арасындағы   екі ел Басшыларының диалогынан бастау алған достық бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Кезінде Ф. Миттерана, содан кейін Ж. Ширакпен болған достықты бүгінде. Н. Саркози жалғастыруда. Париж халқы Елбасымыз Н.Назарбаевтың елді жаңарту, тереңдету саяси және экономикалық реформалардың қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру барысындағы саясатын ерекще бағалайды.

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы ынтымақтастық жоғары білім беру саласы мен екі жақты келісімшарттар, жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы, осындай жарқын ынтымақтастықтың бірі–Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Республикасы Президенті Николя Саркози арасында 2009 жылдың 6-қазанында өзара Ынтымақтастық Келісіміне қол қойылуы еді.

Осы келісім нәтижесінде, Қазақстан-Француз орталығы құрылып,

энергетика, электротехника, автоматтандырылған жүйе техникалық қамтамасыз ету мақсатында Шнайдер Электрик  жұмысын бастады. (ҚазФЭО).

2016-жылдың 1-маусымында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде  Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де Ғылыми Кеңес залында университет ректоры  Е.Қ.Бейсембетов Франциядан келген бірқатар құрметті қонақтарды қабылдады. Кездесудің басты мақсаты–  қол қою рәсімі негізінде  Келісім мен  Қазақстан-Француз білім беру орталығының энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелеріне техникалық қызмет көрсету – Шнейдер Электрик жұмысын бұдан әрі бірлесіп дамыту болып табылады.

Алдағы 3 жылға созылатын Келісімге ҚазҰТЗУ ректоры Е.Бейсембетов, ЖШС Шнейдер Электриктің        Қазақстандағы Бас директоры Алексей Рештенко мырза, Қазақстандағы Француз елшілігінен– Гийом Касперски, мәдениет және ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы  Білім және Ғылым  Министрлігінен өкіл Серік Өмірбаев қол қойды.

ҚазФЭО-ның негізгі мақсаты–ҚазҰТЗУ студенттерін электроэнергетика және автоматизация аумағында техник, бакалавриат және магистратура деңгейінде оқыту болып табылады.

Қазіргі кезде еліміздің тұңғыш зерттеу университеті алдында техника мен технология саласында маңызды міндеттер мен тапсырмалар тұр.

Біріккен университеттің әлеуеті"Болашақтың Энергиясы" бағытында зор сенімге ие. Бұл жобалар гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында әзірленеді.

 

 

«ЭКСПО-2017» көрмесіне  үміткерлер ғылыми-техникалық бағдарламалар арасынан «Қалай әзірлеу "энергиялық тиімді технологиялар негізінде балама энергия көздері", "Ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету өндірісін құру, жеке жарық диодтарының және жарықдиодты шамдар индустриялық парк аумағында АЭА "Астана-Жаңа қала", "Таза қуат көздерін әзірлеу туралы", "Ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету енгізу жарықдиодты жарықтандыру", "Жоғарғы энергиялар физикасы, ғарыштық сәулелер және олардың практикалық қосымшалары", т.б бағдарламалары бойынша әсерлі нәтижелерін көрсетуде.

Осындай жобалармен жалғасқан ҚазҰТЗУ мен «Schneider Electric» арасындағы  ынтымақтастық аясында қосбілім бағдарламасы бойынша студенттер Лотаринг университетінде білім алуға мүмкіндік алады.

Ғылыми зерттеулер, көпсалалы ынтымақтастықтың мықты дамуы нәтижесінде  қазақстандық профессорлар Францияға барып, автоматика және электротехника индустрияландыру бағытында дәріс оқыды.

Франциядан келген өкілдер университет зертханаларын аралап, ҚазФЭО орталығы мен  «Siemens» (ҚазФЭО) Ғылыми-ақпараттық орталықтарының жұмысымен танысты.

2010-жылдан бастап, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Францияның ұлттық білім беру Министрлігі, компания «Schneider Electric» қоры бірігіп, орталық табысты жұмыс істеп келеді. Жоғары оқу орындарында ең үздік дамыған бөлімшелер болып саналады.

Жұлдыз Бағашарова,

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x