Асқазаны темірді де қорытатын құс

Dalanews 24 қаз. 2015 12:09 408

Оңтүстік Корея ғалымдары әлемдегі ас қорыту жүйесі ең күшті тіршілік иесін анықтады. Ол – тазқара болып шықты.

Тазқара – өте ірі құс. Денесінің ұзындығы 1 метр, қос қанатының жалпы ұзындығы 2,20 метрге дейін жетеді. Екі көзінің айналасы мен мойны жалаңаш. Тазқара көбінесе таулы жерлерде тіршілік етіп, өлексемен қоректенетіні белгілі. Ол өлексенің етін жеп, сүйегін  бітеудей жұтатынын білеміз.

Мамандардың айтуынша, бұл құстың асқазаны ірі-ірі сүйектерді оңай қорытып жібереді. Ол ол ма, тіпті асқазанына түскен металдар да қорытылып кетеді екен. Бұған қоса тазқараның иммундық жүйесі де өте күшті болып шықты. Ол оба ауруы жұққан, құтырған және басқа да өте қауіпті жұқпалы ауруларға шалдыққан жыртқыштардың етімен қоректене береді екен.

Зерттеу жобасының авторларының бірі – генетик Чон Пактың айтуынша, оның асқазанының мұнша қуатты болуына асқазан сөлінің қышқылдылығы өте жоғары деңгейде болуы – басты себепші болса керек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x