Қазақ ғалымы нанокапсула ойлап тапты

Dalanews 18 мау. 2015 02:09 178

Таяуда «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы ұйымдастырған көрмеге қазақстандық ғалым Сәуле Гилманова адамның ауырған жеріне қажетті дәріні дәл жеткізетін нанокапсуласын көпшілік назарына ұсынды.

Отандық ғалымның крем және дәке түрінде дайындалған нанокапсуласын дәрінің кез келген түріне қолдануға болады. Көлемі 100 нанометр болатын капсула тері мен бұлшық еттердің арасынан еш қиындықсыз өтіп, адамның ауырған жеріне қажетті дәріні дәл жеткізетінімен ерекшеленеді. Ғалым нанокапсула адамның ауырған жеріне дәл баруына ауырған жерде температураның жоғары болуы септігін тигізетінін алға тартты. Әзірше отандық ғалымның еңбегі медицина саласына ене қойған жоқ. Нанокапсуланы қолданысқа шығару үшін тиісті орындардың рұқсаты керек. Содан кейін ғана крем және дәке түріндегі нанокапсулаларды өндірістік деңгейде көптеп шығаруға болады. Әдетте адамдар ауырғанда дәрі ішіп, организмдегі ауыруға шалдықпаған өзге жасушаларды зақымдайтыны белгілі. Ал С.Гилманованың нанокапсуласы дәріні тек ауырған жасушаларға жеткізіп, қалған жасушаларға зиянын тигізбейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x