Нанотаразы

Dalanews 18 мау. 2015 02:01 183

Жапон ғалымдары наноөлшемдегі көзге көрінбейтін бөлшектерді өлшейтін нанотаразы ойлап тапты. Ол таразымен жасушаның кішкентай бөлшектерін өлшеуге болатынын алға тартуда.

Нанотаразыны сынақтан өткізген мамандар жаңа таразы нанобөлшектерді дәл өлшейтінін анықтаған. Бұл дүниежүзі бойынша маңызды технологиялық жаңалық болып саналуда. Жаңа таразды ойлап табушылар алдағы уақытта нанотаразды көптеп шығарып, ғалымдардың жұмысын жандандыруға күш мүмкіндік туғызатындарын мәлім етті. Әзірше құрылғы сынақтан өтіп жатыр. Нанотаразы алдағы уақытта заттардың ұсақ бөлшектерін зерттеуге бет бұрған ғалымдардың жұмысын жеңілдетіп, жаңа наноматериалдар ойлап табуына септесетін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x