Cоңғы жаңалықтар
Back

Тоқаев 12 маусымды “Жалпыұлттық аза тұту күні” деп жариялады

Президент Абай облысындағы өрт байланысты бастапқыда қате болжам жасалғанын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Президент жауапты тұлғалардың болбырлық танытып, жағдайға тым салғырт қарағанын сынға алды.

“Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады”, – деді ол.

Сонымен қатар президент 12 маусымды “Жалпыұлттық аза тұту күні” деп жариялады.

“Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз”, – деді Мемлекет басшысы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып барғанда.

Ал қазақтілді аудитория экс-Төтенмин Юрий Ильиннің жауапқа тартылуы талап етуде.

Толығырақ төменгі сілтемеде:

https://www.facebook.com/groups/shyndyk

Жолды жөндеп, туризмді дамытамыз – Бейбіт Исабаев

 

«Қазцинк» Абай облысында қаза тапқан орманшылардың отбасыларына көмек көрсетеді