Серік Күдебаев ұсталды

Dalanews 27 сәу. 2023 04:53 177

Бас прокурор Берік Асылов Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы атышулы Серік Күдебаевтың ұсталғанын растады. 

Бұған дейін бейресми ақпарат көздері Күдебаевты Стамбұлдан арнайы рейспен әкелді деген хабар таратқан болатын.

Сот болардың алдында елден қашып кеткен Серік Күдебаев шекарадан тау арқылы өтті деген болжам айтылған еді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов мәлімдеген.

Қанды қаңтар оқиғасынан кейін Серік Күдебаевқа «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік» деген айып тағылып, іс қозғалған еді. Серік Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұра, қызметтік міндетін тастап, қарасын батырған.


Сол кезде Алматы облысының экс-әкімі Қанат Бозымбаев 5 қаңтардағы облыстық штаб отырысында коменданттың барлық өкілеттігі генералға берілген айтқан-ды. Бірақ сол күні Серік Мырзақұлұлы кезекшілік пунктінен 300 шақырым жердегі туған ауылына тартып отырған.

Ал 2023 жылдың қаңтарында Серік Күдебаевқа қарсы сот ісі басталған болатын. Дәл осы күні ҚР Парламенті Мәжілісінде Қаңтар оқиғасы туралы фильм көрсетіліп, онда Алматы облысының полиция бастығының қарулы күзетпен бірге өзі күзетуі тиіс департамент ғимаратынан шығып кеткені көрсетілді.

https://dalanews.kz/news/88775-kudebaev-10-zhylga-sottaldy

https://dalanews.kz/del-qazir/88386-kudebaevtyng-qashuyna-qyrgyzdyng-robi

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x