БАЯН «ҚАЗАҚФИЛЬМДІ» ТІЗГІНДЕСЕ...

Dalanews 17 қаң. 2015 06:15 382

image28975Сөздің шыны керек, қазір шоу-бизнес саласында ойға алған ісін жүз пайыз іске асырып, өзге елдің (әсіресе орыстардың) кеудемсоқ әртістеріне тойтарыс беріп жүрген Баян Есентаевадай әртіс жоқ. Баянды қалай мақтап, онымен қалай мақтансақ та жарасады. Ол мүйізі қарағайдай әнішілеріміз сияқты Мәскеуге барып ән салғанын айтып мақтанған емес. Оның пікір-пайымы қазақ әншісі өз жерінде жетіліп, өз жерінде танылуы керек. Осы тұрғыдан алғанда Баян Мақсатқызы қазақ шоу-бизнесінде үлкен бетбұрыс жасаған дарын иесі деп айтуға болады.

Жібектей үлбіреген Баянға барша қазақ іштарта қарайтыны анық. Мұның сыры неде? Ол орысша сөйлесе де, оған еметаймыз езіліп тұрады. Ұзақ жылдардан бері қазақ эстрадасында ән салып, хабар жүргізген өнер иесінің жарқырай көрінуіне оның ұлттық болымысқа мойын бұруы әсер еткені даусыз. Баян кілең қазақ қыздарынан топ құрып, өнер бәсекесінде бағын сынады. Топ жарып, жұрттың алғысына бөленгеніне куә болдық. Шетелден әртіс алдырмай-ақ, қазақ акетрлерімен кино түсірді. Жұрттың бәрі сүйіп тамашалайтын фильм шықты. Кейбір апайтөс, атақ-абыройынан ат үркетін кәсіби (Мәскеуден оқып келген)  режисерлер мемлекеттің миллиондағын қаржысын желге шашып, болмашы фильм түсірді. Кино шыққаннан кейін басы үлкен дау-дамайға қалғанын көрдік. Киносы милиондаған қаржының бір ширегін де ақтамаса да, ағаларымыздың мұрты да қисайған жоқ. Өздерінің «сойқан туындыларынан» кейін үлкен атақ-абыройға бөленіп, тұғырлы тұлғасы биіктей түсті.
Бүгінгі заманда кино өнер туындысы ғана емес, ол бірінші кезекте саяси-идеологиялық құрал, екіншіден, ақша табудың тамаша мүмкіндігі. Сондықтан өнер арқылы пайда тауып, елдің алғысына бөленіп жүрген Баян Мақсатқызына бір мүмкіндік беретін кез келді деп есептейміз.

Ал заман ағымымен әрекет ететін Баян Мақсатқызына ешкім мұндай мүмкіндік жасаған жоқ. Ол түсірген фильмдерге «Қазақфильм» тарапынан бір тиын да бөлінбегенін бәріміз білеміз. Таяуда «Қазақфильмнің» басшысы Ермек Аманшаев Астана қаласының әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Біздіңше, «Қазақфильмнің»  басқаруға Баян Есентаеваның кандидатурасы өте лайық. «Ғашық жүрегімен», «Осторожно коровамен» көрерменнің ықыласына бөленген Баян ханым «Қазақфильмді» тізгіндесе, мемлекет қаржысына «өздері ғана түсінетін» авторлық фильм түсіретін талай режисерлердің әуселесін басар еді. Бүгінгі заманда кино өнер туындысы ғана емес, ол бірінші кезекте саяси-идеологиялық құрал, екіншіден, ақша табудың тамаша мүмкіндігі. Сондықтан өнер арқылы пайда тауып, елдің алғысына бөленіп жүрген Баян Мақсатқызына бір мүмкіндік беретін кез келді деп есептейміз.

Нұрлан ЖҰМАХАН


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x