Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

Dalanews 26 қаң. 2023 05:09 172

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде елімізде пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайтынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс.

Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі.

Дегенмен, бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек.


Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x