Cоңғы жаңалықтар
Back

Ескі Қазақстанның кадрларынан құтыламыз ба? Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды кадрлық өзгерістер жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Келесі жылы біз орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс жасаймыз. Бастықтардың үнемі бүйрегі бұрып тұратын адамдарымен қоштасуына тура келеді. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Қазақстанға тиімді жұмыс істейтін технократтар қажет”, – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, министрлер және әкімдер өзіне қолайлы адамдарды ғана қызметке тағайындайтын әдетті доғаруға тиіс.

Министрліктердің өзінде “керек адамын” тағайындау үшін заң талаптарын аттап өтетін немесе қалауынша өзгертіп алатын жағдайлар бар.

“Бұл әрекеттер барлық жерде кездеседі. Жер инспекциясы, құқық қорғау саласы, ревизиялық комиссия және басқа да бақылау органдары жергілікті биліктің ықпалында болмауы керек. Әділ бәсеке болмаса, кәсіби мамандар мемлекеттік қызметке қызықпайды”, – деп атап өтті президент.

Қазіргі кезде дарынды жастар мемлекеттік қызметке келуге құлықсыз.

“Аймақтарда тек сол өңірдің азаматтары жұмыс істеуі керек деген қасаң түсініктен арылу керек. Адамның білікті болуы оның туған жеріне байланысты емес. Жұмыстың нақты нәтижесімен ғана бағаланады”, – деді Тоқаев.

Бұдан бөлек, президент мемлекеттік органдардың басшылары жекелеген мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдаудан әлі қорқатынын айтты.

“Ведомствоаралық үйлестіру мен салааралық мәселелерді шешудегі рөлін арттыра отырып, премьер-министр кеңсесін Үкіметтің жинақы аппаратына кешенді трансформациялау жүргізілуі тиіс. Қабылданған шешімдерді сапасыз орындау мәселелері министрлер мен ведомстволар басшыларының өкілеттіктеріне негізделеді. Мемлекеттік органдардың басшылары жекелеген мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдаудан әлі қорқады”, – дейді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өтуінше, мемлекеттік органдар әртүрлі дәлелдерді алға тартып, президенттің немесе президент әкімшілігі басшысының мақұлдауын алуға тырысатындығын баса айтты.

“Кейде Үкімет мүшелеріне жазбаша тапсырма беруге тура келеді. Әйтпесе тапсырманың орындалмау, жобаның орындалу мерзімінің үзілу қаупі бар. Бюрократиясыздандыру туралы Жарлық аясында біз Үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын ағымдағы мәселелер бойынша құжаттарды Әкімшілікке енгізуге тыйым салдық. Алайда бұл тәжірибе әлі жойылған жоқ”, – деді Президент.

Президенттік резервтегі жастарды жұмысқа орналастыру қалай жүріп жатыр?

 

Оңтүстік өңірдегі электр дефициті мен Балқаштағы АЭС