Тоқаев нұршуаққа шомылған саботажниктерді аямайды - журналист

Dalanews 30 там. 2022 05:07 202

Белгілі журналист, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршиннің мемлекет басшысының беделіне нұқсан келтіріп жатқан екі кадрлар мен экономикаға кіріп алған «паразиттер» жөніндегі ойларына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

Ол Мәжіліс депутатының кешегі ойлары мен сөздерін ерлікке теңеп, ексі кадрлардың Тоқаевқа саоттаж жасап жатқанын, олардың түпкі ойлары президентті орыннан түсіру екеніне еш күмәнбайтынын айтты.

Сонымен бірге ол Тоқаевтың да саботажниктерге соққы бере алатынын, ол тек күш жігері мен кәсіби шеберлігін ұрымтал сәтте пайдалануға дайын отырғанын атап өтті.

"Мәңгі...(лік) Мәжілісіміздегі депутаттардың арасында Еділдей ер бар екен. Жаңбыршин. Сол Еділ батыр бір сөзді анық айтты. Саботаж. Нұршуаққа шомылған бұрынғының бәрі, рас, қаңтардан кейінгі Қазақстанға қарсылық жасап бағуда. Мүмкін болса, олар Жаңа Қазақстанды жарға итеріп жіберуден еш тайынбайды. Өкініштісі сол, олардың бәрін «қолынан жетектеп отырып» (Н. Н.) түрмеге тоғыту әзірге мүмкін болмай тұр. Ал, Мемлекет басшысы саботажшылардың ісіне сабырмен қарап отыр. «Өзгерсін, жаңа заманға бет бұрсын, елге адал қызмет жасасын» дейді. Олай болмайды екен, Қаскең саботажниктерді аямайды. Көресіздер!", –  деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, Мәжіліс депутаты әлеуметтік желідегі парақшасында көптің көңіліндегі проблемаларға тоқталып, оны шешудің бірнеше жолын ұсынды.

Ол ескі жүйеге үйреніп қалған шенеуніктер жаңа жағдайға бейімделе алмай жатқанын, әлі күнге дейін экономиканы «жаулап» алған олигархтар кетпегенін, сол баяғы «өркеш майды» сорып, тек бір схемадан екінші схемаға ауысқанын айтып, екі кадрлар мен экономикаға кіріп алған «паразиттердің» халық алдында президенттің беделін түсіріп отырғанын айтқан еді.

https://dalanews.kz/sadak/80787-smayylov-bilikting-barlyq-tarmagyna-zh

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x