Тоқаев кіші қажылығын өтеді

Dalanews 25 шіл. 2022 02:50 314

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Борт №1 Телегармм каналына сілтеме жасап.

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады.


Бұл – Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x