Қазақстан халқының 83 пайыздан астамы Тоқаевқа сенеді

Dalanews 30 мау. 2022 14:00 152

9-28 маусым аралығында Qalaisyn.kz платформасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен мемлекеттік органдарға халықтың сенім білдіруіне қатысты онлайн-сауалнама жүргізілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зерттеуге жаңадан құрылған облыстармен бірге Қазақстанның барлық аумағы бойынша 18 жасқа дейінгі 6 мың респондент қатысқан.

Сауалнама нәтижелері репрезентативті және Қазақстанның барлық халқына қатысты болжамдалады.

Сауалнама деректері көрсеткендей, Мемлекет басшысы зор сенімге ие болған. Президентімізге қазақстандықтардың 83,63%-ы сенім білдіретіндігін білдірген.


Социологиялық мониторинг қорытындысы сұралғандардың 78,81%-ы Мемлекет басшысы жұмысының қазіргі нәтижелеріне қанағаттанатынын атап өткен. Ал 59,37%-ы Қ.К. Тоқаевтың Президент лауазымында болған кезеңінде елдегі жағдай жақсарды деп санайды.

Сәуір айындағы сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70%-дан астамы Президентке сенім білдірген.

Мемлекет басшысына сенімнің өсуіне Конституциялық реформаның жүзге асауы, алғашқы Ұлттық құрылтай өткізу сияқты айтуылы саяси оқиғалар әсер еткенін  ірі айтуға тиіспіз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x