Әр баланың талабын ұштап, дарынын ашуымыз керек – Тоқаев

Dalanews 01 мау. 2022 04:50 249

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Bort_01 каналы.

– Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам.

Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз.

Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.

Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да  ұйымдастырылған.    


«Балалар жылы» аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі  еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.

Жас қазақстандықтарды және барша жұртты осы жарқын мерекемен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! – деді Мемлекет басшысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x