Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған полицейлер мен әскерилерді наградтады

Dalanews 10 қаң. 2022 03:37 254

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәріпсіздіктер кезінде қаза болған полицейлер мен әскерилерді мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Ақорда  сайтына сілтеме жасап.

"Әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталсын:

 

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

Әділбай Дастан Әділбайұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы

Барғанаев Дархан Ермекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы

Жағалбаев Жандос Мұхтарұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының аға офицері

Кабдинов Андрей Вячеславович (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кафедра бастығы;

Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Тараз қаласы полиция басқармасының  1-бөлімінің учаскелік инспекторы;

 

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің көлік жүргізуші-полицейі;

Аманов Айбат Ерболұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі;

Асылханов Ален Мұхитұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі;

Әділхан Жайық Ұғұлқанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының бөлімше командирі;

Бітім Мейірхан Ержанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты;

Ержанов Ербол Тілеубекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы;

Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты;

Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы  5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі;

Қамбетов Ринат Талғатұлы (марқұм) –  Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі;

Смайылқанов Ғабдолла Ғалымұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімінің маманы (операторы);

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

Нұркенов Әділ Дулатұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кіші жедел уәкілі" делінген Жарлық мәтінінде.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x