Божко Липовтың Қазақстанда орыстілділер қысымға ұшырады деген мәлімдемесін жоққа шығарды

Dalanews 25 там. 2021 14:38 324

Бүгін еліміздегі Орыс, славян және казактары ассоциясы ұйымының төрағасы Владимир Бажко «Ресейдің офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымының төрағасы С.А.Липовтың Қазақстанда орыстілділер қысымға ұшырап жатыр деген мәлемдемесіне қатысты үндеу жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

 

Қазақстанның билік органдарына «Ресейдің офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымының төрағасы С.А. Липов аты-жөні белгісіз куәгерлердің сөзіне сүйеніп, «Ұлттық және діни белгісіне байланысты орыстілді Қазақстан азаматтарын қоқан-лоқы көрсетіп, күш көрсетуіне байланысты» арызданып, үн қатқанын естідік.

Осы ретте Қазақстандағы орыс, славян және казактары ассоциясы ұйымының жетекшісі ретінде Қазақстанда ұлттық және діни белгісіне байланысты орыстілді азаматтарды алалау, күш көрсету және ұрып-соғу фактісі мүлде жоқ екенін айтқым келеді!

«Ресейдің офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымының ауызша айтқан мәлімдемесі шындыққа мүлде сәйкеспейді. Мұндай дәлелсіз әңгімелер Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен старатегиялық әріптестікке кесірін тигізетіні анық.

Осы ретте отандастарымның атынан біздің елімізде тілдік жағдайға байланысты кемсітушілік жоқ. Кейбір адамдардың тілдік мәселеге байланысты айтып жүрген арандатушылық бағыттағы ой-пікірлері Қазақстандағы орыстілді азаматтарыдың ойымен мүлде сәйкес келмейді.

Бүгінде қазақ тілін білуге қатысты айтылып жүрген әңгімелердің заң шеңберіндегі мемлекеттік бақалау ісіне ешқандай қатысы жоқ. Мұндай әңгімелерге тиісті органдар мен еліміздің басшылары заңдық тұрғыдан өз бағасын беріп жүргені белгілі. 


Қазіргі таңда Қазақстанда орыс тілі конститутциялық статусы ие, ұлтаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік құрылымдарда, жергілікті билік орындарында, телеарналарда, күнделікті өмірде кеңінен қолданылады.

Біздің елімізде респубилкалық және жергілікті аймақтарда газет-журналдар шығады. Бұдан басқа Ресейдің мемлекеттік каналдары өз хабарларына еркін таратуда.

Қазақстан Республикасындағы барлық мектептерде балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылады. Бұдан басқа орыс тілінде сабақ беретін көптеген мектептер жұмыс істейді. Осылайша қазақ қоғамында көптілді бағыт біртіндеп дамып келеді.

Славян жастары мен өзге де ұлттарды жастар қазақ тілін меңгеріп, жергілікті ұлтқа өз құрметтерін көрсетіп келеді. Міне, бұл қазіргі Қазақстандағы шынайы жағдай. Қазақстандағы барлық ұлттардың құқығы заңмен қорғалған. Мемлекеттің қамқорлығын сезініп, алаңсыз өмір сүріп, дамуына барлық жағдай жасалған.

Кез келген азаматтың жеке өмірге қол сұғушылық, ел азаматтарының орыс тілін пайдаланға, діни сенімін сақтауға, дәстүрі мен ұлттық салт-дәстүрін сақтауға қатысты қандайда бір құқы бұзылса, Конститутция мен заңдарға сәйкес заңды түрде шаралар қарастырылады.

Мен Сізді бар өмірін халық пен мемлекеттің дамуына арнаған адам ретінде Қазақстанның атына жария түрде айтылған дәлелсіз мәлімдемеңіздің жауапкершілігі қаншалықты ауыр түсінеді деп есептеймін.

Қазақстан ұлатарлық келісімді сізді «араластырмай-ақ» өз бетінше шешіп келеді.  


Мұндай ой-пікіріңізді Қазақстан мен Ресейдің арасындағы берік достық қарым-қатынасты көре алмайтындар өз мақсатына пайдаланатынын ұмытпаңыз.

 

Владимир БОЖКО, Қазақстандағы орыс, славян және казактары ассоциясы ұйымының төрағасы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x