Back

“Қызылжар мен Ертіс атауын қайтарыңыздар!”. Намысты жастар Тоқаевқа үндеу жасады

Алматыда «Намыс» жастар қозғалысының белсенділері Тәуелсіздік алаңына барып, Желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етті деп хабарлайды Dalanews.kz

Ұйым белсенділері шейіт кеткен боздақтарға құран бағыштады. Сонымен бірге Қазақстан территориясына көз алартқан ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Жириновский, Никонов, Лимонов сынды дарынсыз саясаткерлер бүлік шығарғысы келіп, өздерінің сауатсыздығын көрсетті. Қазақтың намысына тиіп сайқымазақ болды. Олар кітап бетін ашып, аз да болса тарихқа үңілсе кімнің кім екенін білетін еді. Қазақтың намысты жастары барда олардың көздегені бола қоймайды», – деді қозғалыс басшысы Азамат Жолданбай.

Осы ретте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үн қатқан ұйым белсенділері билікке шарт қойды. Олардың атап өткеніндей ресейлік саясаткерсымақтардың сауатсыз мәлімдемесін жауапсыз қалдыруға болмайды.

Жастар “Ресей империясынан қалған Павлодар, Петропавл деген атаулар жойылып, қалаларға қазақи атау берілуін” талап етті.

“Олар тарихты зерттеп, оқып, ой түйгені абзал. Тарих беттеріне үңілсек Ресей түгілі, шекаралас елдерде қазақтар, яғни, біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген, Қазақи атау арқалайтын қалалар көп. Бұл ақиқат!

Осы ретте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үндеу. Осындай сайқымазақ саясаткерлердің тірліктеріне қашанғы бейжай отыра бересіздер? Сөзбен емес, қағазбен емес, ІСПЕН дәлелдейтін кез келді ғой.

Ресей империясынан қалған Павлодар, Петропавл деген атаулар жойылсын, қалаларға қазақи атау берілсін! Солтүстік аймақтарда Қазақ тілі үстемдік жасасын!

Қазақтар ҚЫЗЫЛЖАР және ЕРТІС деген атауды пайдаланған. Сол атаулар қайтарылсын”, – деді «Намыс» жастар қозғалысының белсенділері.

Жастар бұл талап орындалмаса Солтүстік Қазақстанға барып митинг өткізетіндерін айтты.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда орыстың жері жоқ – Герольд Бельгер

English EN Қазақ тілі KK Русский RU