Тоқаев: "42 500 теңге қайта төленеді. Карантин тағы екі аптаға созылады"

Dalanews 13 шіл. 2020 13:31 220

Бұл туралы президент Тоқаев Твиттер парақшасы арқылы мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек Тоқаев осы айдың басында қабылданған карантин режімі нәтижесін бергенін атап өтті. 


"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", – дейді Президент.

https://twitter.com/TokayevKZ/status/1282661846160482305

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x