Қазақстанда тағы 14 адамнан коронавирус анықталды

Dalanews 17 нау. 2020 06:46 198

 Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетіне шалдыққан 14 адам анықталды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаймыз. Олардың барлығы карантинге жатқызылды, диагноз расталды. Олармен байланыста болған адамдардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылып жатыр", - деді министр.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 27-ге жетті. 


Осы індетке шалдыққан тағы бір ел азаматы әзір Германияда ем-дом алуда.

Бұдан бұрын Алматыда үш адамның қауіпті инфекция жұқтырғаны хабарланған. 13 наурызда Берлин – Минск – Алматы рейсімен келген екі жасар сәбидің вирусқа шалдыққаны белгілі болды. 

Коронавирустың алдын-алу және оның таралуына тосқауыл қою мақсатында президент Тоқаев бір айға созылатын төтенше жағдай жариялады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x