Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаяды

Dalanews 19 ақп. 2020 10:57 139

Аймақтағы барша әкімдердің есебі аяқталғанан кейін, жылдағы дәстүр бойынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы халық алдында есеп берді.

Облыстың әл-ауқатының көрсеткіштеріне тоқталған  аймақ көшбасшысы болашақтың айқын бағдары болар білім саласындағы жетістіктер мен жоспарлар туралы өз есебінде баяндады.

Бүгінде білім саласының төңірегіндегі басты мәселе ол үш ауысымды мектептердің санын азайту болып табылады. Осыған орай облыста қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Соңғы бес жылда Алматы облысында 75 мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Оның 55-і үш ауысымды мектепті жою үшін 30 мың орынға арналып салынған.


Соған қарамастап мектеп қабырғасындағы үш ауысымды оқыту мәселесін  түбегейлі шешу мүмкін болмай тұр. Өйткені былтырғы жылы 48 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған. Назарға алған түйіткілдің күрмеуін шешу жолында жұмыстар жалғасын таппақ. Биылғы жылы жалпы сомасы 11,2 млрд.теңгені құрайтын 13 мектеп бой көтереді деп жоспарлануда.

«Бірақ бұл жеткіліксіз, сондықтан біз жалпы құны 10,3 млрд.теңге болатын тағы алты мектептің құрылысын бастауымыз керек.Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қолдауымен мектептер салу мәселесін қарастырудамыз»,- деп атап өтті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Ағымдағы жылы оқу сапасын жақсарту үшін жаңа модификациялы кабинеттер сатып алуға және 50-ден астам ІТ-сыныптар  ашуға, оқушылар робототехникамен, бағдарламалаумен, 3D–модельдеумен айналысуына жағдай жасау мақсатында   1,1 млрд.теңге бөлінген.

Бір сөзбен айтқанда, қала және ауыл мектептерінде тең жағдай жасау үшін барлық шаралар қабылдануда.

 Анар САБЫРОВА

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x