Балиева: "Бала осында қалсын, мамасы да осында қалсын" (видео)

Dalanews 16 нау. 2018 16:57 174

Сарыағаштағы зорланды деген бірінші сынып оқушысы анасының қолында. Бұл туралы баланың қорғаушысы Бауыржан Азанов өзінің Фейсбуктағы парақшасында жариялады. 

"Біз баланы әкетіп бара жатырмыз. Анасы таңдаған мекенжайға барып орналасамыз" деп жазды қорғаушы. 

Ал журналист Ержан Сүлейменов омбудсменің баланы қалай бергенін видеоға түсіріп, желіге салды. 
Видеодан Зағипа Балиеваның баланы бергісі келмей, ақталғанын көруге болады. 

"Баланы әкете ме, жоқ па?" деп сұрады кадр сыртындағы дауыс. 

"Сағат 21.00 болды ғой. Біз мұнда екі сағаттан бері жүрміз. Ал бала 21.00-де ұйықтауы керек. Оның бөлмесі дайын тұр, сол жерде анасы екеуі оңаша қалуына болады" деді омбудсмен видеода. 

Ал журналистің "біздің кіргенімізге 2 сағат емес, 20 минут қана болды. Ол оның туған анасы ғой, басқа жерге барып, баласымен бірге қонуына қақысы бар шығар" деген сөзін бөлген Зағипа Яхияқызы:

"Иә, қақысы бар.
Бірақ ол ана болса, баласы үшін оның ұйықтауына мүмкіндік беруі керек қой. Мені түсініңіздер.

Бала бұл кезде ұйықтап жатуы керек. Бірақ мен өзімнің барлық міндеттерімді орындадым, соны біліңіздер" деді. 

Дереккөзmatritca.kz

[video width="204" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2018/03/videoplayback-1.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x