Руза Бейсенбайтегі: "Шыдамым шегіне жетті...".

Dalanews 29 қыр. 2017 04:07 395

Шегіне жетті. Мемлекеттік тілді қашанғы табанға таптайды? Қашанғы "орысша сөйле" деп қақылдап тұрады. Бұлармен қалай күресуге болады? Аштық жариялап. 


Керекуде туратын қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі босағасынан "говорите по русский" деп қарсы алатындарға қарсы аштық жарияламақ. Осындайлардың бірінен ауыз сөз естіген Руза апай әлгілер бүгін сағат кешкі 5-ке дейін кешірім сұрамаса осындай қадамға баратынын айтуда. 


Руза Бейсенбайтегі әлеуметтік желіде бұл туралы былай деп жазған:


"Қазақтар! Шыдамым жетті, осыны көзімді жасқа бұлап әзер жазып отырмын. Бүгін, таңертең ұлттық экспертиза бөлімінің, лабораториясында, басшысы Биляловқа барғанымда 10-15 минут




"говорите по-рюзки" деп менің алдымда әйнектерін тарс жауып ұстап тұрды.



Әрең дегенде ар жағынан біреу келді де, шаруамды айттым. Кері қайтқанда бұрынғы «Ласточка» базары, қазір «производственное объединение лидер» ғой деймін, соған кірдім, тамақ алмаққа. 1,5-2 айдың төңірегінде 3-4 рет келіп тұруым. Ылғи қазақша емес, музыка бағамдары тек РФ тілінде", – деп жазыпты қоғам белсендісі.


Ал қатты қорланғанына  аталған мекеменің директорымен болған кикілжің себеп болған. Тіл жанашыры үнемі орыс әндерінің ойнап тұрғанына ескерту жасамақ болған.



 "Павел деген директорларына кез болдым. Айтарымды айтқаннан кейін, "рюски никто не отменял, у нас 2 языка, вы националистка, вы мешаете работать. Вас с силой вывести отсюда либо сами выйдете отсюда?!" дегеннен кейін шығып кеттім. Қорланғаным сонша, аштық жариялайын деп отырмын...Басқа жол қалмады, – дейді Руза Бейсенбайтегі.


Руза ханым енді әлгі Павел сағат кешкі 17.00 – ге дейін кешірім сұрамаса қалалық әкімшіліктің алдында аштық жариялайтынын мәлімдеді. Ал полиция ұстап әкетсе, қамауда жатып жалғастыра бермекші.



– Мен керек десеңіздер, өзімнің өлімім арқылы бүкіл дүние жүзіне маргинал, құбыжық қазақ билігін көрсетіп, қазақ тіліне халықаралық араша сұраймын. Мұл нағыз дискриминация! Неше жыл төзіп келемін ғой, енді төзбеймін,- дейді ол.


Ал біз таңданыстамыз.




Керекуде Рузаға қол созатын, тілдің тағдырына алаңдайтын ұлт жанашырлары жоқ па?



Әлеуметтік желіде белсенді көрінетін жастар қайда? Олар неге үнсіз? Үйсіздік үйдей бәледен құтқармайды ғой...


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x