Алматыдағы Француз үйінен георгий лентасын алып тастады (фото)

Dalanews 05 мам. 2017 09:38 202

Байқаймыз, сән орталығының басшылығы елімізде 9 мамырға арналған өз лентасы бар екенінен хабарсыз сияқты.

Бұл туралы бүгін ғана саясаткер Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.

"Форбстың тізіміндегі Сәрсеновқа сауал: Алматыдағы франуз үйі неліктен жыл сайын колорад қоңызының үйіне айналады? Ресми түрде бекітілген аспан түстес Қазақстанның өз Жеңіс лентасын неге қолданбайсыздар" деген болатын Тайжан.

Фото Мұхтара Тайжана.

Оның жазбасы Алматы әкімдігінің құлағына жетсе керек. Дәл қазір Алматыдағы француз үйінен георгий лентасын алып тастап жатыр.

"Бұл үшін Алматы қалалық әкімшілігіне рахмет айтам!", деп жазған екен Мұхтар Тайжан  



Фото Мұхтара Тайжана.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x