«Орыспын, кәріспін, үндіспін…». Әнуар Нұрпейісов біржолата адасты (видео)

Dalanews 03 сәу. 2017 17:17 268

Болашақта "ұлт атаулы мүлде болмайды" деген актер Әнуар Нұрпейісов тағы да таңғалдырды.

Бұл жолы ол түрлі ұлт өкілдері туралы бейнеролик түсіріпті. Бейнеролик Алматы метросында түсірілген екен.
“Ұлтшылдыққа байланысты соңғы уақытта орын алған оқиғаларға орай өлең жаздым. Әлемнің әртүрлілігін қабылдай алу – рухани әрі интеллектуалдық тұрғыда дамуға апарар бірден-бір жол. Менің өлеңім соның дәлелі”

– дейді Нұрпейісов.

[video width="400" height="224" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/04/Әнуар-Нұрпейісов-біржолата-адасты.mp4"][/video]

 

Анығы, бұл видео актердің қазақша үйренбеу үшін ойлап тапқан тағы бір сылтауы сияқты. Амалы десек те болады. Әйтпесе, біреуді тегіне, түсіне қарай бөліп жатқан біз жоқ. 

Тек "Қазақстанда тұрғасын мемлекеттік тілді білу міндетті ғой" деген пікіріміз біреулердің шымбайына батып, оны барынша құбылту үстінде. Олар осы арқылы тіптен адасып кеткенін аңдамайтын сияқты.
Абайламасақ, Әнуар сияқтылардың кесірінен арандап қалуымыз да мүмкін екен.

Әнуарға айтарымыз, "Қазақ бол", "Қазақша сөйле", "Қазақты сүй" деген ұғымдардың астарында еш жаманшылық жоқ. Бұлай дейтіндерді әсіре ұлтшыл, дүйім дүниеге дұшпан етіп көрсетуден ештеңе ұтпайсың, Әнуар. Ендеше, бұлай ақталудың да қажеті шамалы.

Қауіптісі, сенің дертің күн өткен сайын асқынып барады...

 

Думан БЫҚАЙ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x