Головкин Джейкобсты жеңді (видео)

Dalanews 19 нау. 2017 05:32 229

Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин  америкалық Дэниел Джейкобсты жеңіп өзінің аталған салмақтағы WBA, WBC және IBF белбеулерін сақтап қалды. 


Жекпе-жек Джейкобстың туған қаласы Нью-Йоркте өтті. Гена 4-ші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген, алайда Дэниел сасқан жоқ. Әрі қарайғы раундтарда жерлесімізбен тең дәрежеде өнер көрсетті. 

12 раундқа созылған кездесуде төрешілер Геннадий Головкинді ұпай саны бойынша жеңімпаз деп таныды: 114-113, 115-112, 115-112.



Айта кетсек, Гена ұпай саны бойынша соңғы рет 2008 жылы жеңіске жеткен. Бұдан сырт ол кәсіпқой бокста алғаш рет 12 раундты толық өткізді. 

Кәсіпқой рингте 37 кездесу өткізген Головкин 37-ші жеңісіне жетті. 

https://youtu.be/EKVve0mcdik

https://youtu.be/2JM8NISo6jI

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x