Әлемдегі ең бай адам - Владимир Путин

Dalanews 21 ақп. 2017 05:24 325

Шетелдік БАҚ Ресей президенті Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен тікұшағы барын жарыса жазуда.

Жақында сарапшылар Владимир Путиннің мүлкін есептеп, оның 199 млрд доллар қаражатпен әлемдегі ең бай адам атана алатындығын алға тартқан. Президент атындағы Черномор сарайы мен суперяхтаның өзі £ 800 млн тұрады. Ал Роман Абрамович сыйлаған яхтаның құны £ 28 млн-ға барады.

Осылайша Microsoft негізін қалаған Билл Гейтстен үш есе бай болуы мүмкін Ресей президенті ресейлік қордың менеджері Билл Браудердің CNN арнасына берген сұхбатына сәйкес, 2015 жылы $ 200 млрд байлыққа ие болған.

"Ол Ресей билігіндегі 14 жыл ішінде мектепке, көшелер мен емханалар құрылысына кетуі тиіс қаражатты швейцариялық банктегі өз шотына аударып отырды", - деп сендірді Билл.

 

Путиннің саяси қарсыласы таратқан мәліметтерге сәйкес, Путиннің 58 ұшақтан бөлек $ 500 000 тұратын сағат коллекциясы мен 20 сарайы бар.

Алайда Путин тек президенттік жалақыдан түскен табысы мен екі пәтері барын алға тартып, бұл ақпараттарды жоққа шығаруда.

Дереккөз: Nur.kz


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x