Анам өртеніп жатқан кезде ешкім шыққан жоқ! (видео)

Dalanews 15 желт. 2016 05:22 239

Астанада Бас прокуратура алдында өз өзін өртеп жіберген Майра Рысманованың қызы мекеме маңында шу шығарып, артынан талып қалды. Күзетшілер оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті.

Бұл туралы «NewTimes.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.

«Артында қалған балаларды енді кім асырайды?! Анам өртеніп жатқан кезде ешкім шыққан жоқ! Ешкімнің ісі де болған жоқ! Кінәлі осылар!», — деп зар жылады марқұмның қызы Ақмарал.

«Олар менің ағамды ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деп айыптады. Біздің қалай тұратынымызды көрсеңіздер. Үш итімізден басқа ештеңе жоқ. Ағамды «Бамбук» алдап соқты. Ол Мұрат Үмбетәлиев. (Жамбыл облыстық ІІД ҰҚКБ бөлім бастығы) Бар шындықты сол айтсын»,- деді ол.

Бас прокуратура алдында осындай жанайқайын жеткізген бойжеткен ақыры есінен танып қалды.

Еске сала кетсек, кеше Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өртеп жіберген әйел көз жұмды.

Майра Рысманова 1968 жылы туылған, өткен аптада 6 желтоқсан күні Астанада Бас прокуратура ғимараты алдында өзін-өзі өртеп жіберіп, ауыр хәлде ауруханаға түскен еді.

Болған оқиғадан соң ведомствоның берген мәліметінше, ол 1988 жылы туылған ұлы Ербол Ахметовтың үкіміне келіспегендіктен осындай шарасыздыққа барған.

Прокуратура берген анықтамаға қарағанда, Ахметов Шу аудандық сотының үкімімен 2015 жылы 15 маусымда ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Бас прокурор Асанов бұл оқиғаны «сұмдық» деп атап, өз қолына алатынын мәлімдеді.

Дереккөз: kaz.caravan.kz

https://youtu.be/paj_84xca5s

https://youtu.be/vTT60qC1bts

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x