Қыдырəлі болмаса қырылып қалғандай екенбіз-ау

Dalanews 09 желт. 2016 07:18 215

Ала жаздай ағайын-туыс қазақтың жерін шетелдіктерге сатуға әм жалға беруге қарсы шығып, Үкіметтің бастамасына тоқтау салғаны әмісеге аян. Сан рет митингтер Қазақстанның өңір-өңірлерінде өтті. Ақыры Мемлекет басшысының өзі халықтың талабына қарсы тұрмай, Үкіметтің қисық заңына мораторий жариялады. Бақандай 5 жылға.

Сол екі арада кейбір БАҚ "Қыдыралі тоқал алады екен" деп шулап жатты. Айта кетейік, Қазақтың жері талан-таражға түсіп жатқанда Қыдыралінің қанша қатын алатыны ешкімді қызықтырмаған еді. 

Жақында Қыдекең, "Время" басылымына сұхбат беріп, "жұртты алаңға шығармау үшін, тоқал дегенді ойдан құрастырдым" депті. 

Әншінің айтқандарын ауызба ауыз аударатын болсақ: "Қарақаттың маған тоқал алып беруге дайын екендігін айтуын мен шарасыздықтан ойлап таптым. Бұл таза маркетингтік тәсіл еді. Мен мұндайды бірінші мәрте жасап отырмын. Мен тәуекелге барып, сол кездегі халықтың назарын басқа жаққа аударуым керек болды. 19 мамыр еді. Ел іші толқып жатқан", дегенге саяды.

Қыдырәлінің бұл сөздері әлеуметтік желіде қызу талқыланып,  түрлі пікірлер айтылуда. Солардың бірі журналист Арман Сқабылұлының жазбасы.

ҚЫДЫРƏЛІ БОЛМАСА ҚЫРЫЛЫП ҚАЛҒАНДАЙ ЕКЕНБІЗ - АУ, Ə?



Арман Сқабылұлы:

-"Таңға дейін жылап отырып, жұрт жер мəселесі үшін алаңға шығып кетпесін деп "тоқал" тақырыбын ойдан құрастырдым. Əлеуметтік желідегі халық соған алданып, алаңға шықпады". Қыдырəлі Болманов "Время" газетіне берген сұхбатында шамамен осылай көсіліпті. Ойпырмай, Қыдырəлі болмаса қырылып қалғандай екенбіз - ау,ə?.."

ДЕРЕККӨЗ: abai.kz


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x