Астананың атын өзгерту? Елеп-ескеріп жатқандарыңызға рахмет (видео)

Dalanews 24 қар. 2016 10:49 331

Назарбаев Астананың атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз-қызметі хабарлайды.

"Бұл туралы талай айтқанмын. Мен айтқызып отыр деп ойлайтын шығарсыздар. Нұр, Нұрлы деп жазып жатыр. Кеше Парламент астананы менің атыммен атауды ұсынды. Өз басым мұндай бастама көтергем жоқ және айтқан да емеспін.

Біз үлкен іс атқардық. Бірақ жанымда сіздер болмасаңыздар, мұның бәрі істелмес еді. Өзім таңдаған әріптестер үмітімді ақтады. Қателеспедім. Бірақ, бір адам ешнәрсе бітіре алмайды. Бәріне алғыс айтамын, Парламент өз жұмысын атқарды. Өз басым тапсырманы орындайтын сіздер барсыздар деп санаймын. Сондықтан табыс тілеймін! Бір адам ешнәрсе бітіре алмайды. Барлықтарыңызға және Парламентке еліміздің даму сатыларын назарға алған Декларация үшін рахмет. Менің орнымды айшықтадыңыздар. Әрине, бұл маған жағады. Парламент биліктің тәуелсіз бұтағы. Олар шешім қабылдауға, өз пікірін білдіруге құқы бар. Кез-келген елді-мекеннің атын өзгерту мәселесін біз байыппен талқылайтын боламыз. Бұл мемлекетке, елге қажет пе қарастырамыз", - деді Назарбаев.

"Бұл мәселенің сыртқы жағы. Сауалдың нақты ішкі дүниелерімен айналысу керек" деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын депутат Қуаныш Сұлтанов Астанаға Елбасының есімін беруді ұсынған еді.

https://www.youtube.com/watch?v=VHvNvQhcLBY&feature=youtu.be

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x