"Арыстанбек төбеме қара бұлт үйіріп жатыр". Жаманқұлов Назарбаевтан араша сұрады (видео)

Dalanews 08 қар. 2016 04:47 273

Елбасының өзінен араша сұраған Тұңғышбай Жаманқұлов Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы бар шындықты жайып салды.


Назарбаевтың атына видеоүндеу жолдаған Жаманқұлов былай дейді.


Арыстанбек маған: "6 жылға сотталасың. Әйел, бала-шағаң далада тентіреп қалады” деді. "Неге?" дедім. 

Ол маған: "Ана қызға қатысты "опровержение" жасат. Екі күн уақыт беремін. Екі күннің ішінде осы айтқанымды істемесең көзіңді құртамын" деді. Бірақ мен ол қызды танымаймын. Арыстанбектен кешірім сұрағаным рас. Неге десеңіз, қыздың айтқанын растап сұхбат беріп қойдым.  Сол үшін министрден кешірім сұрадым. Әйтпесе, ол қызды өмірі көрген емеспін.

Дәл қазір Арыстанбек менің төбеме қара бұлт үйіріп жатыр. Ақырына дейін шыдадым. "Сен оппозиция жағына шығып кеттің" деп жаным түршігетін нәрселерді айтты. Мен ешқандай саяси топтарға мүше болған емеспін. Тек Елбасының саясатын ғана қолдаушымын.

Ең өкініштісі Асанәлі Әшімов сияқты бетке ұстар ағаларды маған қарсы қойды" дейді Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің видеоүндеуінде.

https://www.youtube.com/watch?v=j7icJIuuyAg

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x