Уахабистердің алғашқы ошағы Таразда құрылды

Dalanews 01 қар. 2016 05:36 269

Белгілі — ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметов Алматы телеарнасындағы «Өткір тіл» бағдарламасына сұхбат берді. 

Қазақтың қазіргі тағдырына, тілі мен діліне, діні мен дәстүріне қатысты  кеңінен көсілді. Көрдік. Ойландық.

8420-640x446-770x439_c
Мекемтас Мырзахметов
«Өмірде сіз үшін нені айту оңай, нені айту қиын?» деген сұраққа Мекемтас аға: «Шындықты айту қиын. Шындықты… Ол я өзіңді құлатады, я жауыңды құлатады. Шындықтан таяқ жеген жаман емес. Ол жүрекке жететін болса…» деп жауап берді. Осы бағдарламада ғалым бір шындықтың бетін ашты.  Сол туралы айтпақпыз.

«Еліміздегі барлық мешіттерде биліктің тапсырмасымен түрлі уағыздар айтылып жатады. Мешіт Алланың үйі. Биліктің саясатын жүргізетін жер емес. Кез-келген зайырлы мемлекетте дін саясаттың құралы болмауы керек деген заң бар. Мұнымыз қалай сонда?» деген журналистің сауалына ғалым жан-жақты тоқталып, толымды жауап берген екен.

– Мұның дұрыс жағы да, бұрыс жағы да бар. Мемлекет жүргізіп отырған саясатқа дес бермей жатқандар бар, себебі. Мысалға мен уахабистердің қалай пайда болғанын білемін.
Уахабистердің алғашқы ошағы, отаны — Таразда болды.

Таразда сондағы жігіттер ұйымдастырды. Әуелде мен мұның не екенін де білмедім. Кейін іздендім, тарихын зерттедім… Соныменен Тазабектің (бұл арада Мекемтас аға журналистен «Тазабекті білесің ғой?» деп сұрап алды) үйінде 20 уахабиспен бірге бас қостым. Әңгімелерін тыңдай келе, оларға қарабет болмайық дедім. Ойланыңдар дедім. Тазабектің үйінде отырғанда бұл бағытының дұрыс емесін, қауіпті екенін айтып сақтандырдым. Тыңдамады… Әлі де болса өздерінің әрекеттерін жалғастырып жатыр, – деді Мекемтас аға.

«Салафиттерді жойып жіберуге не кедергі?» – дейді өз кезегінде журналист.

– Жоймайынша болмайды.
Жоймасақ, олар бізді жояды. Мен түсінбейтін бір кедергілер бар. Мәселе біз көзін жойғымыз келген салафиттер биліктің өз ішінде де отыр.

Қызық, сонда мен білгенді, тиісті органдар білмей ме? Байтұрсынов айтқан, «дінін шаншып істікке, әркім бір жеп іздеп жүр» деп. Шынымды айтсам, өзін уахаби, сәләфи дегендердің дінге құлап жатқанын көргем жоқ. Олар ақшаға құлап жатыр. Оның орталығы Сауд Арабиясы…, – дейді ғалым.

Түсіндіңіз бе? Осы пікір арқылы ол біраз адамның бетін ашты. Шындықты айту қиын болса, айтты. Көп сөйлеген жоқ.

Салафиттер өз қатарына тарту үшін сәйгүлік мінгізіп, бүркіт те сыйлайды


12593752_114502518932364_321009949275683337_o-840x420
Қайрат Жолдыбайұлы
Ал енді мына бір пікірге құлақ салсақ. Сәләфиттер өз қатарына кімдерді тартады және қалай тартады? Бұған белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы былай жауап берген:


«Сəлəфилер жылт еткен əнші, ақын, спортшы, журналист, аналитик т.б танымал адам көрсе, қалтасы қалың кəсіпкерді көздері шалса, оларды мақсатты түрде өз қатарларына қосуға тырысады.

Оларды қаратса, оларға еліктеген қалың жастарды оңай қанжығаларына байлайтындықтарын жақсы түсінеді. Олармен жұмыс істеудің түрлі жолдарын меңгерген. Сəйгүлік мінгізіп, бүркіт сыйлайды. Сəлəфи сеніміндегі əдемі қызбен үйлендіреді.

Жұмыссыз жүргендерін айлыққа байлайды. Жұмысқа тұрғызады. Əлеуметтік желіде жарнамасын жасап, көңілдерін қош етеді. Сайт ашып береді.

Құрығы ұзын, жоғарғы жақтағы билік өкілдері немесе қалтасы қалың кəсіпкерлері арқылы арзан бағамен баспана мəселесін шешіп тастайды. Тендер алып береді. Спортшыға спортшыны, əншіге əншіні, кəсіпкерге кəсіпкерді, журналистке журналисті салады.

Тіпті есерсоқтарды да тиімді пайдаланып, ұнамағандарына айдап салып, қоқан-лоққы жасатып отырады».


Дереккөз: kaz.365info.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x