Қытайда жүрген Назарбаев сенбі күні Өзбекстанға аттанатын болды

Dalanews 02 қыр. 2016 07:23 149

Қытайда жұмыс сапарымен жүрген Елбасы сенбі күні кенеттен Өзбекстанға аттанатын болды.

Бұл туралы «Рейтер» ақпарат агенттігіне Қазақстан үкіметіндегі дереккөз мәлім етті деп хабарланды.

Қазіргі кезде Қазақстан президенті 4-5 қыркүйекте өтуі тиіс G-20 самиттіне қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласында жұмыс сапарымен жүр. Мемлекет басшысы сенбі күні кенеттен Өзбекстанға аттанып, жұмыс сапарын ортасынан үзбекші.

Маңызды оқиғаны ортадан үзуге Елбасы үшін салмақты себеп бар болар…

Естеріңізде болса, Өзбекстанның министрлер кабинеті 28-тамызда 78 жастағы Ислам Кәрімов ауруханада жатыр деп мәлім еткен. Өз кезегінде Өзбекстан президентінің қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram-дағы жеке парақшасында әкесінің миына қан кетіп, аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқанын жазды. Ал бүгін тағы да Өзбекстан үкіметі ауруханадағы президентінің жағдайы мүшкіл екенін хабарлады.

ДЕРЕККӨЗ: kaz.365info.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x